Өнертапқыш жаңа әскери техниканы жасап шықты

Өнертапқыш жаңа әскери техниканы жасап шықты

Шымкеттік өнертапқыш әскери көлік ойлап тапты. Отандық алғашқы әскери көлік «Сарбаз» деп аталады. Дизель отынымен жүретін көліктің салмағы 4 тоннадан асады. Соған қарамастан ол сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге қауқарлы. Өзінен бірнеше есе ауыр жүкті де еркін сүйрейді.
Қазақстанда жасалған тұңғыш әскери техниканы шымкенттік өнертапқыш Алексей Шевлягин екі айда құрас­тырып шыққан. Жол талғамайтын көлік тау-тасты, батпақты жерде еркін жүйткуімен және оқ өткіз­бейтіндігімен ерекшеленеді. Құрастырушы «Сарбаз» автокөлігін Қарулы Күштер саласында көп қолданатын «ГАЗ-66» жүк машинасының қосалқы бөлшектерінен құрастырған. Әскерилер бұл көлікті ұрыс алаңында да сынап көрген. Жаңа техника түрлі сынақтардан сәтті өткен. «Негізгі құрылым сынаққа алушылардың көңілі­нен шығып отыр, сондықтан құрылым сол күйінде қалады, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ. Тек қосалқы бөлшектерінің қайсыбірін ауыстырып салу керек. Сынақ кезінде жылу жүйесі, салқындатқыш сияқты қондырғыларды орнату туралы да ұсыныстар айтылды. Құптарлық ой. Қазір мамандардың осындай сын-ескертпелерін ескеріп, көліктің кем-кетіктерін түгендеп жатырмын», – дейді өнертапқыш.  Жалпы, сынақ кезін­де көлік бірнеше мың шақырымды еш қиындық­сыз жүріп өткен. «Сарбаз» көлігінің ішкі құрылымы да ерек­ше.
Өнертапқыш жаңа туындысына шамамен 15 мил­лион теңге жұмсап, оған патент те алып үлгерген. Құрас­тырушының айтуынша, көлікті әскери барлау жұ­мыс­тарынан басқа мақсатқа да пайдалануға болады. Айтпақшы, «Сарбаз» көлігі жақында Шым­кент­тегі әскери бөлімдердің бірінде қосымша тек­серу­ден өткізілді. Темір тұлпардың ішіне сегіз жауынгер еркін сыяды. Сарбаздардың бірден көліктің қосалқы жүк салғышына көзі түскен. Олар құрастырушыға «жаңа техникаға қатты жылдамдықпен келе жатып, ішіндегі басқару жүйесінің көмегімен нысанаға дәл тигізетін қондырғы орнатуға болады» деген ой қосты. Көліктің төзімділігі мен қуаттылығы сала маман­да­рының ерекше назарын аударып отыр. Жергілікті мамандар жаңа техниканың шетелдік көліктерден әлдеқайда шыдамды екенін айтады. Өнертапқыштың бұл жобасы мемлекет тарапынан қолдау тапса, құрастырушының жылына 20 техника жасауға мүмкіндігі бар. Ал бүгінде инженер Алексей Шевлягин келесі жылы елімізде өтетін Қарулы Күштер құры­лым­дарының әскери-техника көрмесіне қызу дайындалып жатыр. Ол қазір тағы да осындай төрт бірдей көлікті  құрас­тырып, көрмеге қатыстырудың қамымен жүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста