Өндірісте өрлеу бар

Өндірісте өрлеу бар

Жуырда Жамбыл облысында жаңартылған Тараз металлур­гиялық зауыты іске қосылды. Өндірісті модернизациялау қосымша құны жоғары жаңа өнімдерді шығару мақсатымен шикізатты жан-жақты өңдеп, экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ресейлік және еуропалық кәсіпорындардың тарапынан зауыттың өнімдерін сатып алуға нақты тапсырыстар бар.
Зауыт жылына 100 мың тонна фер­ро­силикомарганец өндіре алады. Алдағы уақытта өндірістік бағдарлама бойынша жылына 65 мың тонна ферроси­лико­марганец шығару жоспарланып отыр. Зауытты ары қарай дамыту үшін айына 21 мың тонна марганец концентратын жеткізіп тұру қажет, яғни зауыттың жаңаруы бір­қатар марганец кеніштерінің өркендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар жаңа өндірістің іске қосылуы Қарағанды, Пав­лодар және Тараз қалаларының бірқатар кәсіпорындарын тапсырыстармен қам­тамасыз етеді. ТМЗ модернизациясына 11,6 миллиард теңге жұмсалды. Бұл жобаға демеу көрсеткен жалғыз қаржы институты – «Қазақстан даму банкі» АҚ. ҚДБ қаржыландыруының арқасында Тараз металлургиялық зауытында ресейлік, украиналық және отандық құрылғылар орнатылып, ферроқорытпаларды өңдеудің жаңа технологиялары енгізілді. Зауыттың дамуы арқасында жұмысшыларының саны 1320-ға дейін артты, алдағы уақытта зауыт қызметкерлерінің саны 1570-ке жетеді. Болашақта табыстың бір бөлігі білікті мамандарды дайындауға жұм­салады деп жоспарланып отыр. Ауаны зиянды қоспалармен ластамау үшін зауытта құны 200 миллион теңге болатын газ тазалағыш құрылғы салу жоспарланып отыр. Бұл жоба зиянды қоспалардағы қатты қалдықтардың 97% (органикалық емес шаң, марганец оксидтері, алюминий оксидтері) тазартады. Аталған құрылғы ауаға кететін неорганикалық шаң қал­дықтарын жылына – 257,52 тоннаға, марганец оксидін жылына – 15,84 тон­наға, алюминий оксидін жылына 14,48 тоннаға кемітуге жағдай жасайды. Аймақтағы ауыр экологиялық ахуалды ескерсек, аталған жоба экологияның нашарлығынан пайда болатын аурулар санын азайтады. Тараз металлургия зауытын жаңғырту жұмыстары Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асып отыр. Қазақстан марганец өндірісінен дүниежүзі бойынша екінші орын алатыны белгілі.
Қанат БОЗЫМБАЕВ, Жамбыл облысының әкімі:
– Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген бұл жоба осы мекемеге 11,5 миллиард теңге инвестиция тарту арқылы 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Индустриялық даму бағытында жаңа металлургиялық бет ашылып отыр. Бұның Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қар­саңында орын алып отырғаны қуантады. Қаңтар мен сәуір айының аралығында өндірістік кәсіпорындар 49,5 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 119,1 пайызға артық. Өңдеуші салада да ілгерілеушілік бар. Бұл саладағы түсім 33,7 миллиард теңге.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста