Алматылықтар «Оңай» картасын телефон балансы арқылы толықтыра алатын болды. Бұл туралы «Алматы транспорт холдингі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мәлімдеуінше, BeelineКазахстан абоненттері «Оңай» картасын SMS хабарлама арқылы комиссиясыз толықтыра алады.
Ол үшін Beeline абоненттері 2020 нөміріне «сома onay 19 белгілі карта нөмірін жібереді. Сондай-ақ, money.beeline.kz төлем порталы арқылы толықтыра алады.
Айта кету керек, «Оңай» көліктік картасы Алматы автобустарында қаңтардың 11-інде енгізілді.
Бірыңғай картаның құны 400 теңге. Бір бағыттық жүрудің құны 80 теңге, кепілдік сомасы 320 теңге.
Бір айдың ішінде «Оңай» картасы арқылы 40 984 480 теңгеге 652 940 транзакция жасалған.
961 334 карта сатылды.
ҚазАқпарат