Он алты баланы бауырына басты

Он алты баланы бауырына басты

Жетімін жылатпаған, жесірін шеттетпеген Алаш баласы едік. Өкінішке қарай, қазір жетімдер үйінде көздері жәутеңдеген қарадомалақтардың қатары күн санап өсуде. Осындайда өз еркімен қараусыз қалған балаларға қамқорлық қылған жандарды естігенде көңіліңді шуақ кернегендей болады...
Бүгінде Ақмола облысы Макинск қала­сының тұрғыны Серік Әкімбаев 40 шақ­ты баланы өз бауырына басқан. Қазір оның үйінде 16 бала тәрбиеленуде. Жетім­нің жайын жанымен түсінген Серік бұл істі 2004 жылы Макинскте балалар үйі жа­был­ғанда қолға алыпты. Содан бері Әкім­бае­в­тар отбасы 40 жетім баланы тәрбие­леп, алдын бөлек отау етіп шығарған.
Серік Әкімбаев, Макинск қаласының тұрғыны:
– «Жердегі бір жетімнің маңдайы­нан сипасаң, жеті періште төбеде разы болып тұрады», – дейді. Өте дұрыс айтыл­ған сөз. Үйде, отбасында ата-ана­ның сезімі болады, тәрбиесін кө­реді, тәлім-тәр­бие алады. Жалпы, қо­ғам­мен қарым-қатынас жасап, от­ба­сының үлгі­сін бойына сіңіреді.

Тоғыз ұлттың баласын бір үйде тоғыс­тыр­ған ардақты жанның бұл ісі ерлікке пара-пар. Қазір балалардың бәрінің қазақша есімдері бар. Тіпті «фамилиямыз Әкімбаев» деп жауап береді олар.
Бірақ Серікті күйзелтетіні – бала­ла­ры­ның үй болғаннан кейінгі жағдайы. Өйткені студент атанып, алды үй болған 10 бала­сы­ның бірі де пәтер кілтін ала алмаған. «Жетімдер үйінен шыққан әрбір баланың шаңырағы болуы керек», – дейді ол.
Әкімбаевтардың бұлардан басқа, өз кіндігінен тараған бес бала және 10 немересі бар. Көңілі көктем, жаны дархан азамат Макинскідегі зағиптар қоғамына да төрағалық етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста