"Өмірлеріне қауіп төніп тұр": Қызылорда облысында оқушы қыздарға оқ жаудырғандар туралы тың мәлімет пайда болды

"Өмірлеріне қауіп төніп тұр": Қызылорда облысында оқушы қыздарға оқ жаудырғандар туралы тың мәлімет пайда болды

Қызылорда облысы Төретам ауылында автобус аялдамасында тұрған үш қызға оқ кездейсоқ тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 
"Кеше ауылда бірнеше жас жігіт арасында жанжал шыққан. Олардың бірі аялдаманың артына жасырынды. Жанжалға қатысушылардың бірі мұны көріп, аялдаманы көздеп оқ атқан. Алайда күдіктінің оғы қашқан жігітке емес, 9-10 сыныптардың үш оқушысына тиді. Осы уақытта қыздар аялдамада автобус күтіп тұрған", - деді агенттік дереккөзі. 

Полиция күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Қайсысы оқ атқаны туралы әлі хабарланған жоқ, бірақ қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

"Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстады, - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті. - Қазір адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда".

Кеше, 15 желтоқсан кешкі сағат алтыға жуық Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде автобус аялдамасының жанында қару қолданылды. Жас жігіттер арасындағы жанжал кесірінен кәмелетке толмаған үш қыз жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста