Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы хабар туралы Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин жазды.
"87 жасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна өмірден өтті", - деп жазды ол.
Ақпаратты ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы растады.
Tengrinews.kz редакциясы Олжас Омарұлына көңіл айтады.