Нұрсұлтан Назарбаев: Болашақ биологтерді даярлау – болашақ ғалымдарды даярлау деген сөз

Нұрсұлтан Назарбаев: Болашақ биологтерді даярлау – болашақ ғалымдарды даярлау деген сөз

Елбасымыз Сыр өңіріне сапарын Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмысымен танысудан бастады. Бұл білім орда­сы жаңа оқу жылында оқысам-білсем деген зерек шә­кірт­терге есігін айқара ашты. Алыстан мен мұндалап көз тартатын әсем ғимаратқа қоныс тепкен мектеп 720 өрен­ге арналған. Күні ертең еліміздің қарыштап дамуына сү­белі үлес қоса білетін ұландар, негізінен, химия-биология бағы­тын­да білім алады. Мектеп жанында жатақхана бар. Білім ордасында шәкірттердің алаңсыз оқуына барлық жағдай жасалған. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке оқушылар іріктеу шарасы жүргізілген. Оған облыстың әр өңірінен 4000-нан астам зейінді шәкірт қатысып, бақ сынаған еді. Олардың арасынан өзінің білім деңгейі жоғары екенін аңғартқан 550-ден астам оқушы мектепке қабылданды.
Қолдағы дереккөздеріне сүйенсек, елімізде бүгінгі таңда осындай 13 білім ор­дасы бой көтерген екен. Оның алғаш­қы қазығы 2009 жылы елордамыз – Ас­тана қаласында қағылған еді. Бүгінгі таң­да зияткерлік мектептерде білім алу әр­бір қазақстандық оқушының арманы­на айналды. Онда алдыңғы кезекте білім мен ғылымға аса көңіл бөлінеді. Бүгінгі таң­ға дейін оларды бі­тір­ген мыңнан астам түлек бар. Олардың негізгі бө­лігі, дә­лі­р­ек айтқанда, 90 пайыздан астамы Қа­зақ­стан үшін қат мамандықтар сана­лып отырған тех­ни­калық және медици­на­лық бағытты таңдайды.
Мемлекет басшысы мектепте зерек, зейінді өрен­дермен жүздесу барысында білім саласында ауқымды ш­аралар ат­қа­рылып жатқанын атап өтті. Соңғы уа­қыт­та білім саласы модернизациялаудан өткізіліп келеді. Ел­басымыз осы орайда осындай зияткерлік мектептер үшін басты басымдық дарынды оқушы­ларды табу еке­ні­не тоқталды. Олар келешекте Назар­баев уни­вер­ситетіне түсе алады. Соның нәтижесінде келешекте еліміздің элитасын дайын­дауға мүмкіндік туады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Бүгінгі таңда елімізде химия-био­ло­гия бағытын­да­ғы мектептердің ма­ңыз­­дылығы күн санап артып ке­леді. Ке­л­е­шекте биология ғылымының ма­ңыз­ы арта түсе­тін болады. Сондықтан бұл ғылым саласы таяу жыл­дарда ма­ңыз­ды жетістіктерге қол жеткізетін бо­ла­ды. Қысқасы, болашақ биологтерді да­йындау болашақ ғалымдарды да­йын­дау екені белгілі. Қазір аталған пән на­нотехнология және математика ғы­лы­мымен бірге алдыңғы үштікте келеді. Сон­дықтан да елдің ин­дустрия­сын тү­летіп, экономикасын арттыруға үлес қо­сатын талантты балаларымыз алдың­ғы лектегі ғылым­ды ерте бастан игер­гені артықтық етпейді.

Сыр өңірінде 3-6 жас аралығындағы балалардың 80 пайызы балабақшамен қамтылған. 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 па­йызды қамтитын болады. Осының нә­­ти­же­­сінде облыста «Балапан» бағдарлама­сын жүзе­ге асыру жобасы мерзімінен бес жыл бұрын орындалмақ.

Елбасымыз Қызылорда қаласын абат­тан­дыру және көгалдандыру жұмыстары­мен танысты. Сырдың бас шаһары бұ­рынғ­ы жылдарда жасыл желектен жадау күй кешіп келгені жасырын емес. Дегенмен «қа­лауын тапсаң, қар да жанатыны» секіл­ді, бұл ба­ғыт­та тыңғылықты тірліктің ат­қарылу нәти­же­сінде кірпік қаққандай қыс­қа уақыт ішінде облыс орталығы гүл-гүл жай­нап келбетін өзгерте түсті. Былтыр қо­нақ­қа келген адам биыл Қызылорданың түр­­леніп, жаңаша ке­йіпке ене бастағанын бірден аңғарады.
Ендігі кезекте Қызылорда қысқы спорт түрлерін дамытуға көңіл бөлмекші. Ра­сын­да, облыс еліміздің оңтүстік өңіріне қоныс теп­кен. Қақаған қыстан гөрі жайма-шуақ күн­дер басым болады. Сондықтан өңірде бұрын тек жазғы спорт түрлеріне мән бері­ліп келген. Облыс басшылығы жас өскін­дер­дің қыстың күні де сергектікті серік етуіне назар аударды. Осының арқасында мұзайдыны бар спорт сарайы елдің игілі­гіне айналды. Спорттық-сауықтыру кеше­нін аралаған Елбасымыз игі істің атқа­ры­луына ұйтқы болған азаматтарға ри­за­шылығын білдірді. Кешеннің жалпы ау­мағы 7985 шаршы метрді құрайды. Ғимарат заман талабына сай салынған. Ке­лешек­те мұнда шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек секілді қысқы спорт түрлерімен емін-еркін айналысуға барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта Қызыл­ор­дада шайбалы хоккейден команда құру жоспарланып отыр. Әзірге оған жергілікті жас­тарды үйрету үшін арнайы маман ша­қы­рылады деп күтілуде. Сондай-ақ атал­мыш орында гандбол, волейбол, баскет­бол, күрес және көркем гимнастикамен ай­налысуға әбден болады. Спорт кеше­нінде Елбасымыз Сыр топырағының түлегі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыс спортшыларымен жүздесті.
Мемлекет басшысы келесі кезекте Қы­зыл­орда қаласындағы «Бастау» бизнес-орта­лығында болды. Онда Елбасыға саға­тына 250 жолаушыға қызмет көрсете ала­­тын халықаралық жолаушылар терми­на­­лының жобасы таныстырылды. Оның жал­пы аумағы 8200 шаршы метрді құ­райды. Жаңа әуежай халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес бой көтеретін болады. Со­ның нәтижесінде жолаушыларға көрсе­ті­летін қызмет сапасы артады. Жоспар бо­йынша құрылыс жұмыстары 2014 жылдың күзіне дейін толықтай бітеді деп жобаланып отыр. Әуежай осыдан үш жылдай бұрын қайта жаңғыртудан өткізіліп, халықаралық талаптарға сәйкестендірілген еді.
Бизнес-орталығында жергілікті жұрт­шы­лық өкілдерімен жүздесті. Облыс әкімі Қы­рымбек Көшербаев өңірдің өзекті мәсе­ле­леріне тоқталды. Аймақ басшысы «Қы­зыл­орда облысының 2020 жылдарға де­йін­гі әлеуметтік-экономикалық даму стра­тегиясы» құжатының негізгі бағыт­тары­мен таныстырды.
 Кездесу барысында «Рза» акционерлік қо­ға­мының президенті Самұрат Имандос­ов, «Атамекен Одағы» ҰЭП жанындағы об­лыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов, Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі облыстық консорциум төрағасы Әділбек Айымбетов, Қорқыт Ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік универ­си­тетінің ректоры Қылышбай Бисенов жә­не өзге де азаматтар өз ой-пікірлерін біл­дір­ді. Олар мемлекеттік бағдарламалардың аймақ экономикасына оң ықпалы тура­сын­­да көкейде жүрген көзқарастарын айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста