Қазақстан аумағының солтүстік бөлігі бұрынғыша антициклонның ықпалында қалып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал республиканың қалған бөлігінің кей жерлерінде қар жауады, батыста, оңтүстік-батыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.
Синоптиктердің болжауынша, 23 қарашада ел аумағының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжанып отыр.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман түсуі мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Дабылды ескерту
23 қарашада Ақмола облысы мен Көкшетауда тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash 85-90%.
Батыс Қазақстан облысында да тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash 85-90%.
Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash 85-90%.  
Түркістан облысында, Шымкентте және Түркістанда тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash90-95%.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash 90-95%. 
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash90-95%.
Мегаполистердегі ауа-райы
23 қарашада Нұр-Сұлтанда ауа райы бұлыңғыр. Секундына 3-5 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 11-12 градус, күндіз 7-9 градус нөлден төмен.
Сондай-ақ елордада тұманға байланысты дабылды ескерту жарияланды. Дабылды ескертудің ықтималдылығы &ndash 85-90%.
23 қарашада Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады. Секундына 1-3 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде &ndash 9-10 градус, күндіз &ndash 3-4 градус.
23 қарашада Шымкентте ауа райы ашық болады деп болжанып отыр. Жел секундына 2-5 метр жылдамдықпен соғады. Температура түнде -8-9 градус, күндіз -2-ден +1 градусқа дейін.  
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20201122/15537976/dabyldy-eskertu-zhariyalandy.html