Нұр-Сұлтандағы Шәймерден Қосшығұлұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кенжебек Күмісбеков көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде жұмыс 10 маусымға дейін жүргізіледі.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз", - делінген хабарламада.