Ақ Mercedes-Benz Gelandewagen жүргізушісі "балық аулаймын" деп шығып Нұр-Сұлтан маңындағы өзенде батып кете жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан карантиндік аймағын заңсыз кесіп өтетін адамдарды анықтау және ұстау мақсатында елордалық полиция департаменті мен "Астана автоклубтары альянсы" қозғалысының еріктілері қатарынан жедел-іздестіру топтарын құрды.
6 сәуір күні сағат 11.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы және Тайтөбе кенттерінің арасында мобильді топ Mercedes-Benz Gelandewagen маркалы автокөлк иесін ұстады. Ол карантинді аймақты осы өзен арқылы кешіп өтпекші болған. Бірақ бөгеттің ашық шлюздеріне байланысты су бір жарым метрге көтерілген, нәтижесінде өзен жағасында тұрған автокөлік суға батқан. Нұр-сұлтан қаласының ЖП жедел-іздестіру топтарының күшімен дереу иесін және Mercedes-Benz Gelandewagen - ді эвакуациялау және құтқару шаралары қабылданды", - деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.
Автокөліктерге бекітілген тростардың көмегімен полицейлер мен еріктілер машинаны судан тартып, жүргізушіге өмірін сақтап қалды.
"Карантин режимін бұзушының сөзінше, ол өзенге балық аулаймын деп барып "қармаққа өзі түсіп" қалған. Ер адам бірнеше сағат ішінде өзеннен алып шыққан ұялы топ мүшелеріне алғысын білдірді. Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама жасады ("төтенше жағдай режимін бұзу"), ол 10 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза қарастырылған", - деп толықтырды полиция департаменті.