"Нұр Отанның" депутаты халықты үкіметке қарсы қойып арандатқан - полиция бастығы

Департамент бастығы Бектөре Сұлтан хатында Nur Otan партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Аида Әбибуллаеваны халықты үкіметке қарсы қойды деп айыптаған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Хатта халық қалаулысы арандатушылық пікірін әлеуметтік желіге жариялады деп жазылған. Яғни, Қызылордада 4-5 қаңтар күні болған митингке депутат үгіт жасап және халықты шеруге шақырды делінген. Сонымен қатар, депутаттың парақшасындағы жазбаны азғындық пікірімен теріс қылық танытқан деп бағалаған.

 

Осыған байланысты, өзіңіздің тарапыңыздан осы адамдарды заң шеңберінде қатаң жазаға тартуыңызды сұраймын. — деп жазылған облыс әкіміне жолданған хатта.

 

acebook.com/ibragim.aida

 

Бұл жайында Экспресс К тілшісі депутаттың өзіне хабарласып көрді. Аида Әбибуллаева қазіргі кезде тараған хатқа байланысты полиция департаменті басшысының үстінен сотқа шағымданып жатқанын айтты. Оның айтуынша, 4-қаңтар күні ешкімді арандататын жазба жарияламаған. Тек елдің мәселесін айттым, ол менің депутаттық міндетім деп отыр.

 

Бұл хаттың рас-өтірігін өзім де білмей отырмын. Мен жеке парақшамда халықтың мәселесін жаздым. Ол менің міндетім. Департамент басшысы жазбамнан заңсыздық тапса, неге әкімге шағымданбай-ақ өзі жауапқа тартпаған? — дейді Аида Әбибуллаева.

 

facebook.com/ibragim.aida

 

Аида Әбибуллаеваның 4-қаңтардағы жазбасы әлі де парақшасында тұр. Онда депутат сол сәтте қойылған шерушілердің талабының орынды екенін жазған. "Газ-мұнай өндіріп отырып, бағасының аса қымбат болуы — бұл нонсенс" деп пікір білдірген.

 

Сонымен қатар, желіде тараған хатта Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясының директоры да парақшасына елді арандататын жазба жариялады деген шағым бар.

 

Бұл хатты полицейлердің басшысы Бектөре Сұлтанның жазғаны рас па, жоқ па белгісіз. Экспресс К тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне осы жайлы сауал жолдады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста