Бізді саяси күнтізбеде символикалық тұрғыда қатар орын алған екі айтулы оқиғадан бірнеше апта бөліп тұр.
Біріншісі, бұл – ТМД-ның Алматы Декларациясына қол қойылуының 20 жылдық мерейтойы. Бұл КСРО қирандысының орнына Еуразия және бүкіл әлем тарихында бірегей мемлекетаралық бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғанын жария етті.
Екіншісі, 2012 жылдың 1 қаңтарынан жаңа жоба – Бірыңғай экономикалық кеңістік құруды жүзеге асыру бастау алады.
Бұлар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің көпжылдық тәжірибелерінің үйлесімді жинақталуымен, еуразиялық интеграцияның оңтайлы үлгісін іздеу және миллиондаған қарапайым адамдардың жаңа үміттерімен табиғи түрде сабақтасып жатыр.
Дезинтеграцияның тұйықталған өларасы
1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыдағы посткеңестік мемлекеттердің басшыларының саммитінде менің батыл бастамаммен жоғалып бара жатқан супердержаваның хаостық күйреуінің қауіпті процесі тоқтатылды.
Бұл оқиғалардың тікелей қатысушысы ретінде айтып жеткізгісіз драматизмін бүгінге дейін жадымда сақтап келемін.
Сол бір тарихи күндер алып келген ауыр сынақ пен қарама-қайшылықтардан уақыттың өзінің белі қайысқандай еді.
Қазақстан мен кеңестік басқа республикалардың көптен күткен Тәуелсіздікке қол жеткізу қуанышы біздің халықтарымыздың үлесіне тиген үлкен тарихи сынақты түйсіну кезеңімен қатарласа тығыз сабақтасып келді.
Бұл кезеңде саяси дағдарыс экономикаға едәуір салмақ түсіріп жіберді. Көз алдымызда бұрынғы бірыңғай шаруашылық механизмінің күл-талқаны шықты. Жекелеген кәсіпорындар ғана емес, тұтастай салалар құлдырап жатты. Көптеген адамдар жұмыссыз, күнкөріске қажетті нәпақасыз қалды.
Қалаларда жарық пен жылудың жоқтығынан пәтерлердің терезелері қап-қара болып үңірейіп тұрды. Осындай сүреңсіз көрініс бұрынғы Одақтың барлық аймақтарына тән еді.
КСРО кезеңінің соңғы жылдарында ұлтаралық жанжалдар белең ала бастады.
Барлық посткеңестік елдердің этникалық және діни негізде бөлшектенуі қаншалықты шындық болғанын бүгінде ашық айтуға болар. Бұл тұрғыдан келгенде, Югославтық Федерацияның бір мезгілде күйреуі де – нақты мысал.
Мен, әріптестерімнің көпшілігі – жаңа тәуелсіз мемлекеттердің көшбасшылары секілді біздің елдерімізге туысын өлтіретін алауыздыққа, қайыршылықтың түпсіз шыңырауына және әлемдік экономиканың түкпіріндегі шикізаттық мешеулігіне душар етіп, тарих жиегіне ысырылып қалу ықтималдығына апаратын мұндай апатты жолды сезіндік.
ТМД-ның құрылуына қысқа уақытта, супердержаваның тарихи күйреуінің күрделі кезеңімен бір мезгілде посткеңестік кеңістікте жаңа интеграциялық процестің басталуы түрткі болды.
Және мен осыдан 20 жыл бұрын қазіргі кезде өмір сүріп отырған ТМД-ны құру туралы дұрыс шешімнің берекелі Қазақстан жерінде қабылданғанын мақтаныш тұтамын.
Менің өзімнің белсенді қатысуыммен және Алматыдағы есте қаларлық тарихи кездесудің қатысушыларының саяси көрегендігі арқасында Қазақстан бастамасы қабылданды.
1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыдағы посткеңестік мемлекеттердің басшыларының саммитінде менің батыл бастамаммен жоғалып бара жатқан супердержаваның хаостық күйреуінің қауіпті процесі тоқтатылды.
Достастықтың тарихи рөлі
20 жылда ТМД-ның атына өткір сын-пікір аз болған жоқ. Мен де әрқашан Достастықтың дамуынан, әсіресе экономикалық интеграция мәселелері бойынша көп нәрсе күткендердің қатарында болдым.
Өйткені елдің тәуелсіздігін нығайту, дағдарысты еңсеру, экономиканы көтеру, адамдардың өмір сүруі деңгейін арттыру үшін аймақтық интеграцияның шынайы мүмкіндіктері туралы жақсы білдім. Өйткені Достастықпен байланыстырған адамдардың Қарағандыда немесе Новосибирскіде, Днепропетровскіде немесе Гроднода, Нөкісте немесе Хорогта, Нахчыванда немесе Марыда, Ошта немесе Бендерда, Батумиде немесе Гюмриде тұратын миллиондаған қарапайым адамдардың Достастықпен байланысты үлкен үмітпен күткенін білдім.
Бұндай мүмкіндікті маған бірегей көпұлтты Қазақстан берді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы барысында, қазақстандықтармен кездесуде, Достастықтың барлық елдерінің қарапайым азаматтарының көптеген хаттарынан маған қарапайым адамдарының біздің елдердің, әсіресе экономикадағы өзара қарым-қатынасты сақтауды мақсат етуі күшті дем берді.
ТМД-ның 20 жылдық тарихында барлық қатысушы-мемлекеттер үшін тағдырлы шешімдерге дейін барған сәттеріміз де болды.
1993 жылы қыркүйекте экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл кезең-кезеңмен еркін сауда аймағын, кеден, төлемдік және валюталық одақ құруды және тауарлар, қызмет көрсетулер мен капиталдың жалпы нарығын қалыптастыруды бағдар тұтты. Бірақ бұл уақытта сыртқа тебуші тенденция күшті болып шықты. ТМД-ның барлық көшбасшылары қол қойған еркін сауда аймағы туралы келісімді тек алты мемлекет ратификациялады, дегенмен оның ішінде Ресей де, Украина да, Беларусь та болған жоқ.
1998 жылы мен ТМД мемлекет басшылары кеңесі бойынша барлық әріптестеріме Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісім жөніндегі кең көлемді жобамды жолдадым. Бірақ ол сол күйінде жоғары деңгейде қарастырылмай қалды.
Объективті және субъективті себеп-салдарларға байланысты ТМД посткеңестік кеңістік интеграциясының шешуші құрылымы бола алмады. Дегенмен әлем ұлттықтан жоғары тұратын қатаң құрылымсыз көптеген өзекті халықаралық қарым-қатынастар мәселесінің өзара шешімін қабылдаудағы және ұстанымдарды жақындатушы мұндай ұйымды көріп-білмеген шығар.
Бұл арада мемлекеттік шекараны бейбіт түрде белгілеуге және олардың тәуелсіздігін нығайтуға әсер еткен мемлекет басшыларының ұдайы кездесуі екенін баса айтқым келеді.
Осы жағынан алғанда, Достастық әріптестік пен өзара іс-әрекет етудің алаңына айналды. Оның шеңберінде президенттердің және үкімет басшыларының саммиті үнемі өтіп отырады, 39 салалық мемлекетаралық орган қызмет етеді. Ондағы жұмысқа Латвия, Литва, Эстония және Моңғолияның да белсенді қатысуы – көрнекті құбылыс.
ТМД-ның парламентаралық Ассамблеясы ұлттық деңгейдегі заңнамаларда ұдайы қолданылатын 300-ге тарта модельді заң әзірледі.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім – барлық мемлекет енбегеніне қарамастан, ол – бүтін ТМД әскери қауіпсіздігінің арқауы.
Энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы, шекарааралық қылмыспен, экстремизммен және лаңкестікпен күрес жүйесіндегі өзара ықпалдастық – осының бәрі ТМД-дағы көпжақты өзара іс-қимылдың перспективті бағыты.
Екі онжылдықтың ең маңызды қорытындысы – уақыт өте келе, аймақтық интеграцияның сан форматтағы және әртүрлі жылдамдықтағы нәтижелі сипатына жеткізген Достастық шеңберінде шыңдалған ортақ тәжірибеміз.
Еуразиялық бастама
Бүгіндері КСРО ыдырағаннан кейінгі пайда болған мемлекеттердің жақындасу процесін еуразиялық интеграция деп атау әдетке айналды.
Бұл түсінікті, сарапшылар мен мамандар жиі қолданады, содан да болар ол таяу және алыс шет мемлекеттердің саяси элитасы сөз қорының шектеулі бір бөлігіне айналды.
Қазір Еуразиялық одақты құру туралы идея ешкімді шошытып, таңғалдырмайды. Сонымен қатар ол туралы ең жоғары деңгейде таяу болашақта игерілетін мақсат және нақты интеграциялық жоба ретінде айтады.
Ал он жеті жыл бұрын бәрі басқаша еді ғой.
1994 жылы наурызда мен ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік ретінде Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы алғаш ұсыныс айттым.
Бұл идеяны М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің академиялық аудиториясында кездейсоқ мәлімдегенім жоқ. Барлық Достастық елдерінің интеллектуалды элитасы алдына тікелей шығып, ТМД-ның құрылғанына екі жылдан кейін өзектілікке айналған көпжақты интеграциясы процесі мәселесін шешуді ұсындым.
Мен ТМД уақыттың объективті талаптарына жауап бере алмайды, біздің халқымыз қатты қажет етіп отырған мүше-мемлекеттер интеграциясын қамтамасыз етпейді деп ашығын айттым. Сондықтан нақты қағидаларға сүйеніп жұмыс істейтін жаңа мемлекетаралық бірлестік құру қажеттігі өзектілік танытуда.
Маған ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс эмигранттары ортасында пайда болған «еуразиялық мектептің» барлық ізбасарларынан асып түскен ұлы орыс ойшылы Лев Гумилевтің көзқарасы қатты ұнайды. Ол Солтүстік және Орталық Еуразияның ірі бөлігіндегі халықтың жағрафиялық және мәдени-тарихи байланыстарының бірыңғай екендігінің концептуальдық негізін қалады. Астана қаласында менің басшылығыммен құрылған Еуразиялық ұлттық университеттің атауы осы ғалымның атымен аталды.
Менің еуразиялық идеяға келуім ХХ және ХХІ ғасырдағы нақты тарихи жағдайларға қарай бөліп қарастырылып, келесі қағидаларға негізделеді.
Біріншіден, мәдени және өркениеттік факторлардың маңыздылығын жоққа шығармай, интеграцияны, ең алдымен, экономикалық прагматизм негізінде құруды ұсынамын.
Абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, нақты экономикалық мүдделер – интеграциялық процестердің басты қозғаушы күші.
Сондықтан болашақ Еуразиялық одақтың алғашқы негізін қалауда біздің халқымыздың бірге жемісті дамуының масштабты аймағы – бірыңғай экономикалық кеңістік.
Екіншіден, мен әрқашан интеграцияның еркін жүргізілуінің жақтаушысы болып қала беремін. Әр мемлекет пен қоғам жаһандану әлемінде ұдайы өз шекарасында тоңтеріс отыра берудің мәнісі жоқ деген түсінікке өздігінен келуі керек.
Өз жұрты мен елінің мүддесі тұрғысындағы ерікті интеграция – гүлденудің ең қысқа жолы.
Үшіншіден, Еуразиялық одақты мен басынан-ақ теңдік, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, егемендікті құрметтеу және мемлекеттік шекараға қол сұқпау секілді қағидаларға негізделген мемлекеттердің бірлестігі ретінде елестетемін.
Төртіншіден, әр мүше-мемлекеттің мүдделерін есепке алатын, нақты әрі шынайы құзыры бар пәтуаның негізінде жұмыс істейтін Еуразиялық одақтың ұлттықтан жоғары органын құруды ұсынамын. Бірақ бұл ешқандай жағдайда саяси егемендікті өткізіп беру дегенді білдірмейді. Бұл – аксиома. Интеграция бойынша әріптестердің теңдігі негізге алынған Еуропалық одақты құрудың жемісті тәжірибесі осындай болатын.
Барлық осы алғышарттар ТМД-ның барлық мемлекет басшысына жолдаған ұсынысымның құжатында жекелей талданған.
Сол кезде мен посткеңестік елдердің барлық жұртшылығынан еуразиялық бастамаға қатысты көптеген оң пікірлерге ие болдым. Бірақ оны саясаткерлер талқылауға дайын болмай шықты.
Мүмкін, бұл заңдылық та шығар. Көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, оған шаттанып, масайрау ләззаты сол кездегі ТМД мемлекеттері басшыларын еуразиялық интеграция идеясының ұзақ мерзімді потенциалын байқауға мүмкіндік бермеген секілді.
Бұл бастаманың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық процестер үшін үлкен серпіліс болғанын байқау мүмкін емес. Кейінгі жылдары Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы секілді жемісті мемлекетаралық құрылымдарды құруда кезеңмен ол өмірімізге ене бастады.
1998 жылы мен ТМД мемлекет басшылары кеңесі бойынша барлық әріптестеріме Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісім жөніндегі кең көлемді жобамды жолдадым.
Қарапайым адамдарға қарай қадам
2010 жылы күзде бір топ ресейлік жас тілшілермен кездесуім болды. Біздің әңгімеміз олардың маған алғысынан басталды. Көптеген жылдардан соң алғаш рет олар Қазақстанға шекарадағы кедендік бақылаусыз кірген екен.
Мен бұл сөзді 2007 жылы Кеден одағын құру туралы үшжақты келісімге қол қойған ресейлік әріптесім Владимир Путинге де және осы интеграциялық жобаның шынайы болуына жекелей көп тер төккен Дмитрий Медведевке де айту керек деп жауап бердім.
Мен әрдайым Қазақстан мен Ресейді – еуразиялық интеграцияның локомотиві деп есептеймін. Сондай-ақ Кеден одағын құрудағы белорус әріптестерімнің, жекелей Беларусь Президенті Александр Лукашенконың орасан үлесін баса айта кеткім келеді.
Екеуміз орасан жұмысты еңсердік. Үш жылдың ішінде үш елдің Бірыңғай Кеден кодексі қабылданды, ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы құрылды.
Бірыңғай кедендік аумақтан тыс елдермен сауда-саттықтың сәйкестендірілген тарифтерін пайдалану үшін 11 мыңнан астам тауар позициясы нақтыланды.
Бүгіннің өзінде Кеден одағын құруда макроэкономика өзіндік нәтижесін беруде.
2011 жылдың бірінші жартысының өзінде үш елдің жалпы тауар айналымы үштен бірге көбейді. Жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100 млрд доллар деңгейіне жетеді, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 13%-ға көп болады деп болжанып отыр. Оның ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық сауда айналымы көлемі мейлінше қарқынды өсіп келеді – 40%-дан артық.
Кедендік одақтың толыққанды жұмысының алғашқы жылын қорытындылау шешуші көрсеткіштер бойынша оң дамудың мейлінше нақты цифрларын беретініне сенімдімін – ұлттық ЖІӨ-нің өсімі, шетелдік инвестицияны тарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету және тағы сол сияқтылар.
Біздің үш елдің экономикалық субъектілерін кедендік тарифтер мен импорттық бажға сәйкестендіру кезеңімен байланысты белгілі бір қиындықтарды көре білгеніміз сөзсіз. Ұлттық кедендік әкімшіліктер арасында Кедендік одақ комиссиясының жұмысымен әдістемелік жолмен жойылып отыратын кейбір сәйкессіздіктер бар.
Кедендік одақ қазақстандық өнім өндірушілер үшін сату нарығы шекарасын Бресттен Владивостокқа дейін кеңейтті. 2011 жылы біздің Ресейге экспортымыз 60%-ға, Беларуське 2,3 еседен артыққа өсті. Шетелдік валютаның бірыңғай кедендік аумақ ішінде айналуына қатысты шектеулер жойылды. Бұл Ресей мен Беларусь тауар өндірушілері үшін жасалды.
Мұның бәрі, ең алдымен, барлық қазақстандықтар, ресейліктер және белорустар үшін айқын артықшылықтар болды.
1998 жылы мен «Қарапайым адамдарға арналған 10 қарапайым қадам» деген бағдарламаны ұсындым. Оның көптеген шарттары қазірдің өзінде екіжақты және көпжақты форматта іске асырылып жатыр. Біздің бірлескен шекарамыз біздің ел азаматтарының кедергісіз қозғалысы үшін ашық бола бастады.
Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы – бүкіл ТМД-дағы интеграцияның тұңғыш ерікті және тең құқылы формасы.
Бұл форма тарихта тұңғыш рет біздің елдерімізді өзара сыйластық, ұлттық болмысты сақтау және ортақ келешектің мызғымастығын түйсіну негізінде жақындастырады.
Кедендік одақтың одан әрі Бірыңғай экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте келе, Еуразиялық экономикалық одаққа трансформациялануы біздің халықтарымыздың өркендеуіне қуатты алғышарт болып, жаһандық әлемде елімізді жетекші орынға алып шығатынына мен кәміл сенімдімін.
Еуразиялық қоғамдастық
Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кедендік одағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан қисынды түрде өсіп шықты. Оның 2000 жылы бес ел – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан форматында құрылуы еуразиялық интеграция тәжірибесінде бетбұрысты сәт болды.
ЕурАзЭҚ шеңберінде 11 жылдың ішінде интеграциялық процестің түрлі өлшемдері жөніндегі тетіктерінің тарамдалған құрылымы қалыптасты. Олар мемлекетаралық деңгейде ғана емес, төменде, кәсіпкерлердің, ғылым, білім мен мәдениет қайраткерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, жастардың бастамалары бойынша белгіленді.
Ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарысын есепке алғанда, Еуразиялық даму банкі мен Дағдарысқа қарсы қор дер кезінде құрылды. Бүгінде ол ЕурАзЭҚ-тың бірқатар елдерінде нақты экономикалық жобаларды қаржыландыруға ғана емес, сонымен бірге, әлемдік дағдарыс салдарын өте ауыр бастан өткеріп жатқан, мысалы, Беларусь экономикасына жедел көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Үш елдің Кедендік одақ форматында, айталық, өнім өндірушілердің салалық қауымдастықтарының жылдам пайда болуы мақтанарлық жайт.
Біздің кәсіпкерлеріміз өз мүдделерін келісу, ішкі бәсекелестік ережелерін жасақтау және өзара қолдау бағытында бірігуде.
Еуразиялық Медиа-форум, Еуразиялық телевизия және радио қауымдастығы нақты бағыттармен жұмыс істеп жатыр. Еуразиялық кино және театр фестивальдері, түрлі конференциялар, жастар форумдары дәстүрлі түрде өтеді.
Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда мен Еуразиялық университеттер қауымдастығы, Еуразиялық ғалымдар клубы және менің бастамаммен құрылған Халықаралық жоғарғы технологиялар орталығының біліми-ғылыми кеңістігінде бірігудің көкжиектері көріне бастағанын атап өттім.
Басқаша айтқанда, қазір біздің қоғам өмірінің тереңіне бойлайтын вертикальді интеграция процесі жүріп жатыр.
Еуразиялық интеграция идеясының өмірлік күшінің көрінуі деген осы емес пе?!
Бүгінде біздің халықтарымыз өздерін бар мәдени, діни және тілдік алуантүрлілігімен, сонымен бірге нәтижелі экономикалық өзара әрекет ету мен тату көршілестікке деген ортақ ұмтылыспен енді ғана қалыптасып келе жатқан еуразиялық бірегейліктің бір бөлігі ретінде сезініп келеді.
Біз бәріміз бірлескен тарихтан ортақ бай тәжірибе алған, сондай-ақ келешекте ажырамас ғұмыры бар ұлттың жаңа еуразиялық бірегей қоғамдастығының дүниеге келгеніне куә болып отырмыз.
1994 жылы наурызда мен ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік ретінде Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы алғаш ұсыныс айттым.
ХХІ ғасырда еуразиялық идеяның жаңадан көтерілуі
Менің Еуразиялық одақ құру туралы идеямда маниловшылдық пен саяси ностальгизмге жабысып қалған келешек жоқ және ешқашан болған емес.
Оның негізінде әрқашан, астарында қандай игі ой мен мақсат тұрмасын, экономикаға саяси зорлық жасау формаларын жоққа шығаратын прагматикалық көзқарас болған және бола береді.
Еуразиялық жобада тек сыртқы экономикалық, әскери, саяси, ақпараттық, технологиялық, экологиялық және басқа да қауіптерден ұжымдық түрде қорғану мүмкіндіктерін ғана ойлау көрегендік болмайды.
ЕАО-ның тарихи перспективасын мұндай тар мағынада түсіну басқа геосаяси өлшемдер бойынша «темір перденің» жаңа түрін бөле-жара қалыптастырудың қаупін күшейтеді. Бұған әсте жол берілмеуі тиіс.
Біз Еуразиялық одақты ашық жоба ретінде қарастырамыз. Оны өзара байланыстың кең ауқымынсыз, айталық, Еуроодақпен, басқа да бірлестіктермен елестетуге болмайды.
Ешқандай да КСРО-ны «қалпына келтіру» мен «қайта жан бітіру» жоқ әрі болмайды. Мұндай әңгіме өткеннің елесі, долбар, алыпсатарлық қана болады. Бұл орайда Ресей, Беларусь және басқа да елдердің басшыларымен біздің көзқарасымыз толығымен сәйкес келеді.
Бүгінде «одақ» сөзі мен «империяның бодандығы» жайлы көпірме әңгімелердің үрейінен түгел арылуымыз керек. Бұл туралы В.Путиннің «Известиядағы» мақаласында жазғаны маңызды. НАФТА шеңберіндегі солтүстік-атлантикалық интеграция да үш елден құралады – АҚШ, Канада, Мексика. Бірақ ешкім АҚШ-тың империялық амбициясы туралы айтып жатқан жоқ.
Батыстың кейбір сарапшылары Еуразиялық одақ Қытайдың экономикалық экспансиясынан қорғануға бағытталған деп, асығыс мәлімдеме жасады. Ақиқаттан мейлінше алыс жатқан бұдан артық пікір жоқ.
Керісінше, ҚХР соңғы екі онжылдық ішінде Ресейдің де, Қазақстанның да, Беларусьтің де стратегиялық әріптесі болып келеді. Біз интенсивті саяси диалог пен тығыз экономикалық ынтымақтастықты дамытудамыз. Сонымен қатар біз ШЫҰ мен АӨСШК шеңберінде өзара тығыз әрекет етудеміз.
Сонымен бірге еуразиялық интеграцияның мен 17 жыл бұрын айтқан қағидаларына әрбір қатысушы елдің ішкі тұрақты даму, ұлттық экономикалық нәтижелілік, несие-қаржы және әлеуметтік саясат үшін жауапкершілікті сезінуі туралы ережені қосу да маңызды.
Еуроодақ экономикасындағы қазіргі қиындықтарды жоюдың бізге пайдалы тәжірибесін есепке алған кезде, бұл ерекше маңызға ие.
2009 жылдан бері біз Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігін құрудың барлық құқықтық мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауды жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін тиісті келісімдер үкіметтік деңгейде бекітілетін болады.
2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудың тәжірибелік кезеңі басталады.
Сәйкесінше, үш мемлекеттің экономикалық саясатын келісу механизмдері мен трансшекаралық еркін қатынас қызметі, еңбек ресурстары мен қорлары оңтайландыруға, заңнамалық сәйкестендіруді жүзеге асыруға шынайы мүмкіндік пайда болады. Ұлттық бизнестің субъектілері БЭК-ке қатысып отырған әр мемлекеттің инфрақұрылымына тең дәрежеде мүмкіндік алады. Келешекте көліктік, энергетикалық және ақпараттық қатынастың ортақ жүйесі қалыптасады.
БЭК интеграцияның тереңірек сатысына, яғни Еуразиялық экономикалық одаққа өтудің негізіне айналады.
Бұл өте қуатты бірлестік болады. Үш мемлекеттің тұтастай ЖІӨ-нің көлемі 2 триллион долларға жуықтаса, өндірістік мүмкіндігі 600 млрд долларға бағаланады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 112 миллиард доллардан асса, тұтынушылық нарық 165 миллион адамды құрайды.
ХХІ жүзжылдықта Еуразиялық одақтың ғаламдық дамудың трендтерін айқын назарда ұстап отырмай-ақ, сәтті бір ғаламдық орталыққа айналып кетуін елестету мүмкін емес.
Бұл ғасырда аймақтандыру құбылысы жалпы әлемдік тенденцияға айналды. Еуропалық одақ жақын болашақта Хорватияны, Сербия, Черногория және басқа да елдерді өзіне қосып алу арқылы кеңеюді көздейді.
Шығыс Азияда Қытай және АСЕАН елдерінің қатысуымен, екі миллиард тұтынушы нарығын құрайтын планетамыздағы аса ірі еркін сауда аймағы құрылып жатыр. Парсы шығанағы аймағының елдері қаржы-экономика саласында одақтасады. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка, Африка елдерінің интеграциясы бекіп жатыр.
Соңғы 20 жылдағы Ресейдің, Қазақстанның және еуразиялық интеграцияның басқа да мүшелерінің тәуелсіз экономикалық дамуы ғаламдық экономиканың бөлшегіне айналды.
Бүгінде біздің елдердің модернизациясының, ғылыми негізделген инновациялық экономикасының маңызды шарты АҚШ, Еуроодақ, Қытай, Азиялық-тынықмұхиттық елдермен инвестициялық және технологиялық серіктестік орнату болып табылады.
Сонымен қатар ғаламдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды аспектілерін ескеру қажет. Осыдан бір жыл бұрын менің табанды түрде ұсынуыммен қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясында Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздіктің бірыңғай кеңістігін құру мақсаты алғаш рет қойылды.
Сондықтан ХХІ ғасырдың, бәлкім, тіпті арғы ғасырларға жалғаса беретін Еуразиялық интеграция идеясын ұғыну – бүгінде маңызды іс.
1998 жылы мен «Қарапайым адамдарға арналған 10 қарапайым қадам» деген бағдарламаны ұсындым. Оның көптеген шарттары қазірдің өзінде екіжақты және көпжақты форматта іске асырылып жатыр. Біздің бірлескен шекарамыз біздің ел азаматтарының кедергісіз қозғалысы үшін ашық бола бастады.
Еуразиялық Одақ: болашақ стратегиясы
Еуразиялық одақ – бұл қазіргі және болашақтағы аса күрделі мәселелерді шешетін мегажоба.
Құрылымдануы тарихтағы ең ауқымды қаржы-экономикалық дағдарысқа тұспа-тұс келген Еуразиялық одақтың бойында әлемдік жаңа архитектураның негізгі бөлшегіне айналуға толық мүмкіндік бар.
Ол үшін Еуразиялық интеграцияға мүше мемлекеттердің әрбірінде іс-қимылдардың айқын стратегиясы болу керек.
Бірінші: Еуразиялық одақ әу бастан-ақ бәсекеге қабілетті ғаламдық экономикалық бірлестік ретінде құрылуға тиіс.
Бізді «модернизацияны қуып жету» принципіне ғана сүйенетін дамушы елдердің жиынтығына айналу секілді тар үміт те, өзге әлемге табиғи ресурстар жеткізіп тұратын мәңгілік экспорттаушыға айналу идеясы да қанағаттандыра алмайды.
Әлем жаңа технологиялық революцияның табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақстан индустриялық-инновациялық дамудың жеделдетілген бағытын ұстады.
Біз болашақтағы ұлттық инновациялық экономиканың діңгегі ретінде заманауи деңгейдегі өнімділік күштердің жаңа құрылымын жасап жатырмыз. Ресей және бірқатар ТМД елдері де өз алдына осындай мақсат қойып отыр.
Сондықтан біздің Бірыңғай экономикалық кеңістігіміз инновацияның және қуатты технологиялық серпіндердің территориясына айналуы маңызды.
Бұл үшін модернизацияның және еліміздің инновациялық дамуының жалпы алгоритмін құру қажет. Өз тарапымнан, шұғыл түрде Еуразиялық инновациялық-технологиялық кооперациялардың алдағы 10-15 жылды қамтитын ортақ Бағдарламасын жасауды және қабылдауды ұсынамын.
Бұған Франция, Германия, Ұлыбритания елдерінің 1970 жылы құрылған AIRBUS аса ірі халықаралық авиақұрылыстық консорциумы мысал бола алады. Кейіннен оларға Испания қосылды.
2010 жылдың қорытындысы бойынша AIRBUS тасымал және ұшаққа тапсырыс беру бойынша америкалық «Боинг» және «Локхид» сынды компанияларынан басым түсті. AIRBUS-тың жыл сайынғы табысы 30 миллиард еуроға жетеғабыл. Компанияның бүтін Еуропада орналасқан кәсіпорындарында 53 мың адам жұмыс жасайды.
2006 жылы AIRBUS-тың барлық акциялары ЕО елдерінің үкіметтерімен және ұлттық компанияларымен қаржыландырылатын Еуропалық ЕАDS аэроғарыштық консорциумына тиесілі.
Дания мен Швеция Сканда бірлескен инновациялық орталық, «медикондық алқапты» құрды.
Бүгінде ол – түрлі зертханаларды, коммерциялық құрылымдарды, өндірістік кәсіпорындарды қамтитын Еуропадағы ең қуатты кластер.
Бұл жерде құрамында 300 әртүрлі компания, 14 университет және 26 медициналық емханасы бар жеті ғылыми парк жұмыс істейді.
Халықаралық инновациялық орталықтарды ынталандыруға жаңа технологияларды бірлесіп жасау үшін жеке салалар бойынша екіжақты келісімдер арқылы бірқатар елдер осы жолмен келеді.
Үш жыл бұрын мен күшті аймақтық резервті валютаның негізі ретінде еуразиялық есеп айырысу бірлігін жасауды ұсынған болатынмын.
Екінші: Еуразиялық одақ еуроатлантикалық және азиялық даму аймағын жалғайтын мықты орталық болып қалыптасу керек.
Экономикалық жағынан біз Еуроодақтың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның жылдам дамып келе жатқан экономикасы арасында көпір бола аламыз.
Бүгінде халықаралық көліктік автомобильді дәліз ретінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Уақыт өте келе бұл бағыттың бойына заманауи көліктік-логистикалық жүйе салынатын болады. Ал ол өз кезегінде Еуропа мен Қытай нарығына тауарларды жеткізу уақытын 3,5 есеге дейін қысқартады. Болашақта жылдамдығы жоғары трансеуразиялық теміржолдың салынатыны да сөзсіз.
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Еуропалық одақпен, Қытай Халық Республикасымен, Жапониямен және Үндістанмен өзара ынтымақтастығын кеңейту тараптардың бәріне тиімді.
Үшінші: Еуразиялық одақ жаңа ғаламдық валюта-қаржылық жүйенің бір бөлігі бола алатындай жеткілікті дәрежедегі аймақтық қаржылық бірлестік болып құрылуы керек.
Еуроодақтың тәжірибесі көрсеткендей, ортақ төлем жүйесін құру одан кейін бірыңғай валюта – заңдылықтарға сай интеграция кезеңі.
Қазіргі жағдайда бұл процесте әлемдік дағдарыстан кейінгі тенденцияларды ескеру қажет.
Еуразиялық одақ пен еуроаймақты қанша сынап жатса да олар дағдарыста өздерінің мығым екенін, жеке қабілеттерін көрсете білді. Біз қазір қиыншылыққа тап болған мемлекеттерге Еуроодақтың қолдау көрсетіп отырғанын көріп отырмыз.
Үш жыл бұрын мен күшті аймақтық резервті валютаның негізі ретінде еуразиялық есеп айырысу бірлігін жасауды ұсынған болатынмын.
Ғаламдық рецессияның жаңа толқыны болуы мүмкін екенін және оның салдары тіпті күрделі болатынын ескерсек, бұл идея өзекті болып қана қоймай нақты шешімді қабылдауды қажет етіп отыр.
Ерекше атап өткім келетіні, БЭК аясында валюталық одақ құру арқылы біз интеграцияның жаңа кезеңіне өтіп, қазіргі Еуропалық одақтың деңгейіне жақындай түсеміз.
Біздің ең негізгі міндетіміз – біздің одақтың өміршең екендігіне нақты істер арқылы көршілеріміздің көзін жеткізу. Сонда біздің құрамымыз үш мемлекеттен әлдеқайда көп болмақ.
Төртінші: Геоэкономикалық болашақта геосаяси болатын еуразиялық интеграция эволюциялық және ерікті жолмен жүруі керек.
Интеграцияны жасанды жылдамдықпен жүргізу, жекелеген елдердің кірісуі тиімсіз болады. Бірыңғай еуропалық нарық 40 жылға жуық уақытта қалыптасқанын естен шығармағанымыз жөн.
Еуразиялық интеграцияның платформасы айтарлықтай кең.
Оның құрамына сан түрлі формадағы, әртүрлі мақсаты мен міндеті бар мемлекетаралық бірлестіктер – ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кедендік одақ – Қазақстан, Беларусь, Ресейдің біріккен экономикалық кеңістігі және тағы басқа ұйымдар бар.
Басқа да құрылымдардың пайда болуы әбден мүмкін. Мысалы, мен Орталық Азия одағы құрылуының жақтаушысы болып қала беремін. Бұл құрылымның құрылуымен аймақтағы елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары өз шешімін табады деп ойлаймын. Өз кезегінде Орталық Азия елдері азаматтарының әл-ауқатын жақсартып, аймақтағы күрделі мәселелердің шешілуіне септігін тигізер еді.
Аймақтық әртүрлі ұйымдарға қатысу әрбір мемлекетке интеграцияның тиімді жолын таңдауға көмектеседі.
Сондықтан әрбір еуразиялық бірлестіктің әлеуетін көтере беру маңызды.
Мен Еуразиялық экономикалық кеңістіктің атқарушы органын Еуразия субқұрлығының географиялық орталығындағы Астана қаласында орналастыруды ұсынамын. Бұл жерде ешқандай амбиция жоқ. Бұл біз үшін қосымша жүк болады. Бір жағынан, еуразиялық интеграцияның бастамашысы ретінде орталықтың Қазақстанда шоғырлануы әділеттілік болар еді. Орталық кеңсенің Қазақстанда орналасуы біздің интеграцияға байланысты елдер ішінде қалыптасқан күдікті де сейілтеді. Бұл өз кезегінде біздің ұйымға үлкен сенім қалыптастырып, алғашқы қадамын жасай бастайды.
Бесінші: Еуразиялық одақтың құрылуы тек қана қоғамның жаппай қолдауына байланысты болуы керек.
Біздің елдеріміздегі «еуразо-оптимистер» мен «еуразо-сынаушылардың» болуы заңдылық. Солардың арасындағы пікірталастар интеграциялық процестің қалай жүзеге асырылатынын көруге өз көмегін тигізеді.
Мен олардың пікірталасы жақын болашақта біздің парламентшілерімізді біріктіретін ұлтүстілік құрылым – Еуразиялық Ассамблея мінберінде талқыланады деп ойлаймын.
Сонымен қатар еуразиялық интеграцияны халықтық сипатта да нығайту маңызды. Яғни еуразиялық қоғамдық бірлестіктердің санын көбейту қажет.
Мысалы, ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесінің базасында еуразиялық өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлерінің конгресін құруға болады.
Кедендік одақтың үш елінің форматында еуразиялық сауда-өнеркәсіп палатасын құру керек. Олардың кеңселерін Астанада орналастыруға болады.
Осы бағыттағы жұмыстарды күндіз-түні таралатын «Еуразия-24» жаңалықтар арнасынан құрудан бастау керек. Бұл өз еліміздің азаматтарын интеграция жұмысы туралы объективті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін маңызды.
Мен Еуразиялық экономикалық кеңістіктің атқарушы органын Еуразия субқұрлығының географиялық орталығындағы Астана қаласында орналастыруды ұсынамын. Бұл жерде ешқандай амбиция жоқ. Бұл біз үшін қосымша жүк болады. Бір жағынан, еуразиялық интеграцияның бастамашысы ретінде орталықтың Қазақстанда шоғырлануы әділеттілік болар еді. Орталық кеңсенің Қазақстанда орналасуы біздің интеграцияға байланысты елдер ішінде қалыптасқан күдікті де сейілтеді. Бұл өз кезегінде біздің ұйымға үлкен сенім қалыптастырып, алғашқы қадамын жасай бастайды.
Кезінде ТМД-ның штаб-пәтерін Минск қаласына орналастыру туралы шешім де дәл осындай негізде қабылданған болатын. Еуропалық одақтың штаб-пәтері Брюссельде орналасуы да кездейсоқ емес.
***
XXI ғасырдың екінші онжылдығының басында еуразиялық интеграцияның идеясы бірыңғай экономикалық кеңістіктен көрініс тауып отыр.
Ол біздің елдеріміз бен халықтарымыздың гүлденуі жолындағы дұрыс тарихи жол екенін дәлелдеді.
Негізгі саяси шешімдер қабылданды.
Экономикалық жағынан қуатты, тұрақты және бәріне тиімді болатын Еуразиялық одақ құру үшін әлі де бірқатар міндеттерді шешуіміз қажет.
Біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз да осында!