Наурызда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

 

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн  – 6, 7 және 8 наурызда демалады.

 

Биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні, ал дүйсенбі, 7 наурыз демалыс күні болады.

 

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді, 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Осылайша Наурызда қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.

 

Еске сала кетейік, үкімет демалыс күндерін 2022 жылдың 5 наурызындағы сенбіден 2022 жылдың 7 наурызындағы дүйсенбіге; 2022 жылдың 27 тамызындағы сенбіден 2022 жылдың 29 тамызындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

 

Ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады. Егер мереке және демалыс бір күнге сәйкес келсе, демалыс күні мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста