Наурыз бата

Наурыз бата

Уа, құдайым оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ бiткен жар болып,
Қызыр баба қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егiн солмасын.
Алабота баспасын
Ата қыстау қордасын.
Баса-көктеп жайлауға,
Бөтен көштер қонбасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбiт өмiр орнасын.
Бостандықтың ордасын
Перiштелер қорғасын.
Тiккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын.
Қапалы боп қария,
Қалың ойға шомбасын.
Бесiктегi бөбектiң
Бақайшағы тоңбасын.
Ұлыс күнi ұл мен қыз,
Тайпалдырсын жорғасын.
Бiзге қастық ойлаған
Дұшпан өзi сорласын.

Алыс-жақын илансын,
Ақ ботамды сыйға алсын.
Шашыраған қазағым
Шоқтай болып жиналсын.
Қырсық қайта шалмасын,
Қырғын-топан салмасын.
Жау жағадан алғанда,
Бөрi етектен алмасын.
Ел сенiмi – ерге жүк,
Екi иығы талмасын.
Көш бастаған көсемдер
Өрге тартсын арбасын.

Сөз бастаған шешендер
Әдiлдiктен танбасын.
Ынтымақты кiм бұзса,
Халық соны қарғасын.

Көл жиналып тамшыдан,
Теңiз толсын қаңсыған.
Атамекен тазарып,
Асығы түссiн алшыдан.
Құт-береке кетпесiн
Диқаншы мен малшыдан.

Сұмның жолы байлансын,
Қудың қолы байлансын.
Жұт болмасын өмiрi,
Жұрт көңiлi жайлансын.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгi бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Iздесе де, таппасын!
Әумин!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста