Насыбай атуға тыйым салынады

Таяуда Қазақстанда насыбайды тұтыну мен таратуға тыйым салынады. Бұл туралы кеше ҚР Ішкі істер мен Білім және ғылым министрліктерінің бірлесуімен ұйымдастырылған он-лайн конференция барысында белгілі болды.

ҚР ІІМ мамандарының айтуынша, на­сы­байдың құрамындағы заттар айналымы мемлекет бақылауына алынған заттарға жатпайтынына қарамастан, таяу арада насы­байды сатуға және тұтынуға тыйым салы­нады. Бұл бағыттағы шаралар қазір­ден қолға алынып жатыр. Тәртіп сақ­шы­ла­ры мұны насыбайдың денсаулыққа кел­ті­рер кері әсерінің көптігімен түсіндіреді. «Оның құрамына темекі, әктен бөлек, тауықтың саңғырығы және басқа жа­нуар­лар­дың нәжісі қосылатыны белгілі. Темекі мен әк асқазан жарасына әкеп соқтырып қана қоймай, қатерлі ісік тудыруы мүмкін. Ал түрлі микробтар мен паразит жұмырт­қа­ларына бай құстар мен жан-жануар­лар­дың қиы инфекциялық ауруға душар етеді. Сол себепті қазір насыбайдың Қазақстанда таралуына тыйым салу мәселелері қолға алы­нып жатыр», – дейді министрлік өкіл­дері. Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Түрікменстан Президентінің бұйрығына сәйкес, насыбайды қоғамдық орындарда, оның ішінде мемлекеттік мекемелер, ірі ком­паниялар және оқу орындарында тұ­ты­­нуға тыйым салынған болатын. Заң бұз­ған­дарға ірі көлемде айыппұл салу қарас­тырылған. Жалпы, кешегі өткен «Кәме­летке толмағандар арасындағы құқық бұзу­шы­лық­тың профилактикасы және олардың құ­қықтарын қорғауды қам­та­­масыз ету» та­қырыбындағы интернет-кон­ференцияға тұр­ғындардан екі жүзге жуық сұрақ келіп түсті.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста