Нан бағасын тұрақтандыру үшін жеңілдігі бар 928 мың тонна астық пайдаланылады

Нан бағасын тұрақтандыру үшін жеңілдігі бар 928 мың тонна астық пайдаланылады

Бүкіл Қазақстан бойынша нан бағасы бұрынғы қалпында сақтау туралы меморандумға сәйкес, 2015 жылдың қазан айына дейін өндірушілерге 928 мың тонна астықты беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында хабарлады.

Ведомство мамандары астықтың сапасы ҚР "СТ РК 1046-2008 Бидай. Техникалық шарт" мемлекеттік стандартына сай келетінін айтты. Еске салайық, 17 қарашада Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бірінші сорттағы нан мен ұнның бағасы 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өзгермейді деп уәде берген еді. "Мемлекеттік комиссия шешім шығарды: бірінші сортты нан мен бірінші сортты ұнның бағасын тұрақтандыру үшін баға келесі жылдың қыркүйегіне дейін арзандатылады, ешқандай да күрт қымбаттау болмайды", - деді Мамытбеков Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейінгі үзілісте журналистердің сұрағына.

Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері 2014 жылдың қазаны мен қаңтар айларының аралығында нан бағасын бір қалыпты ұстап тұру үшін Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлінгенін айтып берді. Бұған оңтүстік өңірлерге астық жеткізу шығындары да кіреді. Ведомство өкілдері осы жылға арналған субсидия көлемі туралы айтпады. Дегенмен астық өңдеу кәсіпорындары тоннасына 28 300 мың теңге төлеп, 500 мың тонна астық сатып алған. Негізі астықтың нарықтағы бағасы - 42 000 теңге. Ведомство мамандарының айтуынша, республика бойынша нанның бір бөлкесінің орташа бағасы - 49-50 теңге.

Сондай-ақ ведомство мамандары ескі меморандумдар осы жылдың қазан айында күшін жойғанын айтты. "2014 жылдың қазан айында Үкімет осы жылдың 1 қарашасы мен 2015 жылдың 1 қазанына дейін нанның бағасын тұрақтандыру туралы жаңа заң қабылдау туралы шешім шығарды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, нанның бағасы 2014 жылдың 1 қазанына дейін меморандумдармен бекітілді және қазір астық өңдеу кәсіпорындарына астық бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Астық бұрынғысынша 28 300 теңгеден сатылады. "2015 жылдың қаңтары мен қазанына арналған меморандумдар қол қою деңгейінде жатыр", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста