Нан бағасы тағы қымбаттады: Ауқаты төмен аналар биліктен көмек сұрауда

Нан бағасы тағы қымбаттады: Ауқаты төмен аналар биліктен көмек сұрауда

Шымкент қаласының көп балалы аналар билікті нан бағасының өсуін тоқтатуды өтінді. Шенеуніктер бұған дейін нанның бағасын қымбаттатпаймыз деген уәделерін орындай алмаған көрінеді. Бұрын 60 теңге болған нанның бағасы қазір 80 теңгеге жетіпті. Бұл жағдай, әсіресе, жалғызбасты аналарға қиын тиген көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның  «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Нан бағасы тағы қымбаттады: Ауқаты төмен аналар биліктен көмек сұрауда
«Бір рет дүкенге келгенде бірден 10 шақты нан алуға тура келеді. Себебі отбасымызбен бір рет дастарқан басына отырғанда 3-4 нанды тауысамыз. Арасында нанды өзім қолдан да пісірмен. Бірақ ол үшін де бағасы удай ұн алып тұру керек. Кейбір дүкендерде нанның бағасы 60 теңге, кейбіреілерінде 80 теңгеден асып кетеді»- дейді алты баланың анасы.

Наубайшылардың айтуынша, нан бағасының өсуінен қашып құтыла алмаймыз, себебі қазір ұн бағасы қымбаттап кеткен. Мысалы, жаз айларында 5 кг ұнды 5200 теңгеге сатып алуға болатын еді, ал қазір бағам 6200 теңгеге дейін көтерілген.

Шенеуніктер болса ең басты тағам болып табылатын нан бағасының өсімін қадағалаудан шығармадық деп сендірді.

«Шымкент қаласының әкімдігі нан бағасын жіті қадағалауда ұстап, оның көтерілуін болдырмау үшін арнайы қызметкерлерден тұратын мониторинг базасын ұйымдастырды. Осы кезде кейбір дүкендер нан бағасын қымбаттап жібергендігі анықталған», - деді кәсіпкерлікті бақылау әкімдігінің орынбасары Қайрат Базарбеков.

Қала әкімдігі ұн сатып алуға 300 миллион теңге ақша бөліпті. Нан бағасын қымбаттатып жібермесін деген ниетпен бұл ұнды қаладағы 26 нан пісіретін орынға үйлестіріп бермекші. Алайда бұл ақша ұн сатып алуға жаңа жылға дейін ғана жетеді екен. Ал халық болса жаңа жыл жаңа бағалар алып келеді ма деп тағы алаңдаулы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста