Найзағай ойнап, бұршақ жауады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы ыстық әрі құрғақ болады. Кей жерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді
Қазгидромет мамандары 5-7 тамыз аралығында республикада ауа райы қандай болатынын айтты.
Болжамға сәйкес, елдің солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, соңы жаңбырға ұласады.
Термометр бағандары түнде еліміздің батысында +15...25°C, солтүстігінде +10...20°C-ты көрсетеді.
Күндіз ауа температурасы батыста 27...35°C-қа дейін, солтүстікте +23...30°C-қа дейін төмендейді. Шығыста және орталықта ауа температурасы түнде +10...20°C, күндіз +25...35°C жылы болады.
Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы ыстық әрі құрғақ болады. Кей жерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+28°C, күндіз 32-42°C жылы болады.
Мегаполистегі ауа райы
Алматыда 5 тамызда күн бұлтты, ауа температурасы күндіз +32°C, түнде +22°C болады. 6-7 тамызда күн ашық, күндіз +33°C жылы, түнде +21...+22°C жылыны көрсетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 5 тамызда күн ашық, күндіз +28°C, түнде +15°C жылы. 6 тамызда күн бұлтты, күндіз +30°C, түнде +16°C жылы болады. 7 тамызда күн ашық, күнді +32°C, түнде +17°C-ты көрсетеді.
Шымкент қаласында 5-7 тамыз аралығында күн ашық болып, күндіз +37°C жылы, түнде +22...+25°C жылы болады. Желдің жылдамдығы 10-11 м/с-ке жетеді.