Оқиға Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылында болған.
Өрттен зардап шеккен ауылға көмекке жіберілген киім-кешек пен азық-түлікті тұрғындар тартысқа салды, деп хабарлайды Экспресс К.
Newscorr-ға видео жолдаған куәгердің айтуынша, оқиға Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылында болған. Видеода тұрғындар басқа облыстардан көмекке жіберілген, азық-түлік және киім-кешек тиелген жүк көлігіне басып кіріп, әркім шамасы келгенше талап алып жатыр.
Видео авторының айутынша, жергілікті тұрғындар үлкен жүк көлігін жауапты адамдардың рұқсатынсыз басып алған. Көліктің қорабына алдымен шығып алғандар өздерінің жақындарына қолына ілінгенін лақтырып жатыр.
Ұятын айтсаңшы, мына кісілерге не болған? Халық тап осындай аш-жалаңаш емес еді ғой. Мынау не масқара, тәртіп қайда?, - дейді видео авторы.