Мүгедектер тегін дәрі ала алмай отыр

Алматыда 50 мыңға жуық мүгедек жан тұрады.  Алайда олардың барлығы заңды түрде мүгедектерге теңестірілмеген. Соның салдарынан кейбіреулері  мемлекеттен тиісті көмек ала алмай отыр. Тіпті өздерінің қарапайым құқықтарын  қорғай алмауда. Бұл туралы Алматыда мүгедектерге көрсетілетін тегін медициналық қызметтің  түрлерін түсіндіру мақсатымен өткен қоғамдық тыңдауда «Дән» қоғамдық қорының президенті Фарида Шүкірқызы  айтты.
Алматыда кез келген балаға 18 жасқа келгенше тегін медициналық көмек  көрсетіледі. Ал ересектерге  арналған медициналық  көмектің кепілді түрлері болады. Оның арнайы бағдарламасы қабылданған. 2009 жылы тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 2 млрд 700 миллион теңге қаражат бөлінді. Тегін медициналық көмекке жүгінетіндердің басым бөлігін туберкулез, қант диабеті, онкология ауруларына шалдыққан адамдар құрайды. Қалада мүгедектерге арналған арнайы ауруханалар да жоқ. Олар сырқатына қарай кез келген ауруханаға жүгініп жүр. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Роза Қуанышбекованың айтуынша, тегін дәрі-дәрмек қалалық деңгейде медициналық тексерілуден өткен адамға беріледі. Ауруханада демалуға әрбір 400 тұрғынның біреуіне ғана квота тағайындалған. Тегін медициналық көмекті кез келген мүгедектің алуына рұқсат жоқ. Рұқсат берілгеннің өзінде тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмайды екен. Кейбір медбикелер ондай жеңілдіктің бар екенінен тіпті бейхабар. «Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі әсіресе мүгедектерге қиындық тудыруда. Олар өз құқығын білмегендіктен, оны ешкімнен талап ете алмайды», – дейді Ф.Шүкірқызы.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста