Мүгедектер құқығын қорғауда кедергілер азаяр емес

Мүгедектер құқығын қорғауда кедергілер азаяр емес

Кеше Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы даму бағдарламасы «Шеттетуден теңдікке: Қазақстандағы мүгедектер құқықтарын іске асыру» ұлттық есебін жариялады. Биылғы стратегиялық құжат еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға мүмкіндік жасауға арналған.

Адам дамуы туралы ұлттық есепке дәл осындай тақырыптың таңдалып алынуына мүгедектік мәселелеріне қатысты дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер ықпал етіпті. БҰҰ-ның еліміздегі тұрақты өкілі Хаолянь Шудың айтуынша, қазіргі уақытта әлемде жарымжан жандарға қайырымдылық жасау үрдісі жойылып барады. Әлемнің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда да мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығының толығымен жүзеге асырылуына физикалық, құқықтық, психологиялық тағы басқа кедергілер тосқауыл болуда. «Бұл – осы елдің мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты заңнамалары мен әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының алғашқы кешенді сараптамасы. Мұнда Қазақстандағы мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияның ережелерін бекіту мен оны орындауға қажетті заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық шаралар айқындалды», – деді Х.Шу. Сондай-ақ биылғы жылдың ұлттық есебін даярлауда алғаш рет он-лайн пікірталас ұйымдастырылыпты. Соның арқасында мүгедектер құқығының қорғалуына қызығушылық танытқан тұлғалар, оның ішінде республиканың әр аймағындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өздері біраз ұсыныстар айтуға мүмкіндік алған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні республикада 466,3 мың мүгедек есепте тұр. Мұның үштен бір бөлігін еңбекке қабілетті жандар құраса, 10 пайызы – балалар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста