Кеше Ливияның Сирт қаласының маңында үкіметтік әскерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған полковник Муаммар Каддафи қаза тапты деген ақпар тарады. Бұл туралы Ливия өтпелі ұлттық кеңесі хабарлады.
«Ол басынан бірнеше жерден жарақат алды. Өтпелі ұлттық кеңес әскерлері Каддафидің жақтастарына оқ жаудырып, ол сол жерде қаза болды» деп мәлімдеді ӨҰК өкілі Абдел Маджид Млегта.
Ливияның өтпелі ұлттық кеңесінің әскери жетекшісі Абделхаким Бельхадж Сирт түбінде бұрынғы ливиялық көсем Муаммар Каддафидің мерт болғанын растап отыр. «Каддафи ливиялықтардың қолынан қаза тапты. Мен мұны растаймын» деді ол. Кейбір деректер бойынша, М.Каддафи НАТО-ның әскери әуе соққысынан көз жұмған. Енді Каддафидің мүрдесі қауіпсіздікті сақтау мақсатында құпия жерге жеткізілмек.
Әзірге Каддафидің қаза тапқанын 100 пайыз растайтын тәуелсіз сараптама жасалған жоқ. Осы мәселеге қатысты анық-қанық ақпар Ливия өтпелі ұлттық кеңесінің басшысы Мұстафа Абдел Жалилдің таяуда беретін баспасөз мәслихатында белгілі болмақ.
Муаммар Каддафи қаза тапты ма?
Последние статьи автора