Монополистердің араны неге ашыла береді?

Монополистердің араны неге ашыла береді?

Бүгінгі БАҚ-та әбден ақжемденген тақырыптың бірі – тариф. Қанша айтылса да, пайдасынан шығыны көп, қарапайым халыққа қайыр бермей тұрған сала. Мұны зерттеулер де растап отыр. ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша, 2005–2011 жылдар аралығында Қазақстан бойынша тариф: жылуға – 43%, электр – 118%, ыстық су – 54%, суық су – 59%, газ – 57%, стационарлық телефон 91%-ға қымбаттаған. Жыл сайын теңгелеп өскен тариф бұл күні де беті бері қарар түрі жоқ. Қайырымынан гөрі қайыр сұрауы басым коммуналдық саладағы құбыр-құтыларының тозып тұрғандығы тағы бар. Оны өздері де жоққа шығармайды. Тарифтері қымбаттар кезде әншейінде сырға берік олар жұртқа «70-80 пайыз тозығы жеткен» деп ағынан жарылады. Сонда осы уақытқа дейін тариф арқылы жыртығын жамай алмай келе жатқан олардың араны әлі де ашыла бермек пе?
Коммуналдық қызмет атаулының құны қымбаттаған сайын қарапайым жұрт құлындай шырқырағанымен, әзірге халықтың мұңын тыңдар ешкім болмай тұр. Қаңтар туысымен тарифтерін кө­теріп алған бірқатар монополистердің қа­шан жағдайы түзеліп, жұрттың қалта­сына қол салуы тыйылады? Ол әзірге бей­мәлім болып тұр.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің дерегіне үңілсек, биылдан бас­тап республиканың 8 өңірінде суық суға тариф көтерілді. Атап айтқанда, «ол суды есепке алу аспаптары бар тұр­ғын­дар үшін 1000 литрге 3-тен 25 теңге­ге дейін (мысалы, Жамбыл және Ақтөбе облыс­тарында), суды есепке алу аспап­тары жоқ тұрғындар үшін 1000 литрге 7 - ден 77 теңгеге дейін (мысалы, Павлодар және Жамбыл облыстары) өзгеріп отырады» дейді агенттік басшылары.
Сонымен қатар еліміздің өңірлерінде халықтың жылу энергиясына ақы төлеуі де өсті. Дәлірек айтсақ, Ақтөбеде – 12%, Қарағандыда – 10%, Павлодарда – 15,9%, Жамбылда – 12,8%, Шығыс Қа­зақ­стан облысында – 13%, Қызылордада – 18,8%, Ақмолада – 17%, Қостанайда – 19,4%, Батыс Қазақстан облысында –25%, Астанада – 30,4%, Алматыда – 32%, Атырауда 48 пайызға артқан. Се­беп – отын құнының өсуі.
Құзырлы орындардың деректері бойын­­ша,  көмір – 80%-ға дейін (СҚО, 2010 жылдан бастап көмір бағасы қайта қаралған жоқ), газ – 13%-ға дейін (БҚО), мазут 25%-ға дейін (Алматы) қымбат­таған. Жылуға тариф құрылымына отын үлесі 50-ден 70%-ға дейінгі мөлшерді алады екен.
Ал енді Құдайдың қара суына жердегі қожайындарының тарифті өсіруіне келейік. Агенттіктің айтуынша,   «сумен жабдықтау қызметіне тарифтердің өсу негізі себептері өзіндік құны 30%-дан астамды құрайтын  электр энергиясы құнының өсуі, хим­реагенттер, материалдар, жөндеу жұмыс­тарын жүргізуге арналған шығыстар құны­ның өсуі, толық көлемде негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижелерін енгізу, инвес­тициялық бағдарламалар мен т.б. іске асыру болып табылады-мыс».
Бір-бірімен өте тығыз байланысты ком­муналдық салалардың бірі өссе, екіншісі қарап қалмайтыны бесенеден белгілі.  Электр энергиясының өсуіне не түрткі деген­ге үңілейік. «Электр энергиясы бағасының өзгеруінің басты себебі электр энергиясын өндіруге тарифтердің ұлғаюы болып табылады. Осы өндіру тарифіне инвестициялық құрамдас салынған. 2009 жылдан бастап ел Үкіметі энергия өндіруші ұйымдарға қатысты «тарифтерді инвести­цияға айырбастау» ұзақмерзімді саясатын жүзеге асырып отыр. Стансылар үшін элек­тр энергиясының шекті тарифтері белгі­ленеді. Индустрия және жаңа тех­нология­лар министрлігі Электр энер­гетикасы туралы заңға сәйкес, стан­сылармен тариф­тің шекті деңгейіне және инвестициялық құрамдастарға арналған келісімдерге жыл сайын қол қояды», – дейтін де агенттік. Ал «Рейтинг.kz» агенттігінің  2005-2011 жылдарға жүргіз­ген  электр қуаты бойынша тариф ең көп өскен қалалардың тізімін келтіреді. Олар: Қызылорда – 171%, Көкшетау – 170%,  Алматы – 168%,  Тараз – 162%, Талды­қорған – 157%,  Шымкент – 157%!!! Бұл деректерге қарасаңыз, монополистердің  бұл жалғанда шекті тарифі жоқтығын көресіз. Оларда шекті түсінігі шексіздікпен ұла­сып кеткен...
Коммуналдық салада әр өңір, аймақта жалғыз-жарым монополистердің болуы, бәсекелестіктің жоқтығы да оларға қолайлы. «Өзі бай, өзі құдайдың» күйін кешкен олар сондықтан нарықта өз баға­ларын қойып, «көнсең – қолыңнан, көнбесең – жолыңнан» деп отыр. Оған қоса, «Казпотребнадзор» ҚБ пікірінше, «тұтынушылардың көбінің сенімсіз азаматтардың қарызын біз төлейтіндігіміз туралы түсініктері жоқ. Әрине, жеке бағанын­да «көршінің қарызы» деп көрсетілген түбіртек келмейді. Олар үшін төлем тарифтерді көтеру арқылы жүргізіледі.
Тағы бір мәселе, тарифтің өсуіне тікелей әсер ететін – тұтынушыға дейін сол немесе өзге игілікті «жеткізу» жолы. Мысалы, Қазақстан бойынша электр қуатын бөлу кезінде орташа ысырап, Википедия дерек­тері бойынша, 21,5%-ды құрайды, ал жеткенінше нақты 30%.  Оларды екі топқа бөлуге болады: қолданыстағы инфра­құрылым сапасының төмендігі нәти­жесіндегі ысырап; тұтынушылар тарапынан заңсыз қоршаулар. Екі жағдайда ысырап болған литрлер немесе ұрланған киловат­тар үшін төлем тарифтерге салынады. Нәтижесін­де, жеткізушілерде қызметтерді жеткізу және тарату кезінде ысыраптарды азайтуға мүдделілік жоқ».
Бүгінде коммуналдық саланың құлағын ұстағандардың алдында жылдар бойы жинақталған шешімін күткен  проблема шаш етектен. Рас, желілердің жағдайы кісі жылайтындай. Мұны монополистердің өздері де жоққа шығармайды. Бірақ  әрекеті аз...
Сондықтан «коммуналдық салада тек баюды көздейтіндер ғана көп» («Рейтинг.kz») деген пікірлерімен толық келісуге негіз бар.
Қайтпек керек мұндайда?!.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста