Министрлік коронавирустан қайтқан 2 мыңға жуық марқұмды неге есепке қоспаған?

Қазақстан Үкіметі былтыр пандемия басталған 1 наурыз бен биылғы 31 мамыр аралығында коронавирус жұқтырған 1962 адамды «басқа диагноздан қайтыс болды» деп ковидтің ресми есебіне қоспаған деп жазды Qazaq Times.

Өткен көктемде Қазақстанда 180 мыңнан (КВИ+ 174 мың, КВИ- 6 мың) аса сырқат, 2440 өлім жағдайы (КВИ+ 1642, КВИ- 286, жанама әсерден 512)  тіркеліп үлгерді. QT редакциясының сұрағына ДенМин тарапынан берілген ресми мәліметке қарағанда, мамыр айында 189 адам коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болған. (!) Министрлік олардың өлімін «басқа дерттерден болды, коронавирус тікелей әсер етпейді» деп санайды. Жауапты мамандар бұл жайлы сирек сөз етеді, оның өзінде журналистердің сұрауымен. Ақпарат автоматтандырылмаған. 18 маусым 54 жағдай, 2 шілде 101, 23 шілде 319, 4 қыркүйек 556, 11 қыркүйек 576, 15 қазан 672, 9 қараша 709, 15 желтоқсан 764, 26 желтоқсан 816 жағдай, 20 қаңтар 938, 3 ақпан 1061 болып, 17 наурыз 1450, 29 наурыз 1619, 6 мамыр 1773, 14 маусым 1962-ге дейін артқаны хабарланды. Министрліктің ақпараттық жүйесі бойынша коронавирус инфекциясының жанама әсерінен...   Оның ішінде өңірлер бөлінісінде: Қостанай облысында – 285, Солтүстік Қазақстанда – 270, Павлодар облысында – 269, Шығыс Қазақстанда – 173, Ақмола облысында – 172, Алматы облысында – 146, Жамбыл облысында – 116 жағдай. Ал ең төменгі көрсеткіш Шымкентте 13 және Маңғыстау өңірінде 8 кейс тіркелген.

Оның арасында қарттар, ондаған бала, тіпті жаңа босанған ана да бар. Былтыр қараша айында 107, желтоқсанда 122 және биыл қаңтарда 123, ақпанда 389, наурызда 169, сәуірде 154, ал мамырда 189 өлім тіркелген. A Flourish chart Осы санатта өмірден өткендердің дерегі коронавирустың мемлекеттік дерекқорына енгізілмейді. Сарапшылар мен мамандар бұған қарсы. Мұны «статистиканы мейілінше жақсартудың амалы» деп есептейді. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы мен тыныс алу жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырады.

Соңғы дерек бойынша,  аурулар тобы жіктелімін ведомство былай таратады: Қанайналым жүйесінің аурулары – 727 (37%) Тыныс алу жүйесінің аурулары – 710 (36,1%) Эндокриндік жүйенің аурулары – 120 (6,1%) Несеп-жыныс жүйесінің аурулары – 61 (3,1%) Жаңа өскіндер – 61 (3,1%) Басқа жағдайлар – 283 (14,4%) Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 402 мыңға, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 56 мыңға жетті. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 458 мыңнан асты.

Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді. A Flourish chart A Flourish chart Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 9,5 мыңы (КВИ+ / U07.1 – 4171, КВИ- / U07.2 – 3415, ілеспе аурулардан – 1962) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 1962 адамды жалпы статистикаға енгізбейді.

Уашиңтон (АҚШ) университеті медицина мектебінің Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты (IHME) зерттеуінде Қазақстандағы коронавирус құрбандарының саны ресми статистикада көрсетілгеннен 14,5 есе көп екені айтылған. IHME есебі бойынша, Қазақстанда Covid-19 салдарынан 81 696 адам қайтыс болған. Өткен айдың ортасында осы ақпараттан кейін министрлік деректі қайда екшедік деген уәжбен ресми сатистикаға мыңдаған адамның есебін қосты. 2020 жылы «маусым-шілде қырғынында» 42 мың адам, ал 2019 жылы дәл осы аралықта 22 мың, 2018 жылдың жазғы екі айында 21 мың адам өмірден қайтқан.

Сәйкесінше былтыр кісі өлімі алдыңғы жылдан кемінде 20%-ға артты. 163 613 адамның өлімі Қазақстанды жаңа ғасырда ең жоғарғы көрсеткішпен орны толмас қасіретке ұшыратты. ДДСҰ қайтыс болған адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, ағзадан тыс сыртқы фактордан, яғни оқыс апаттан көз жұмғандардан басқасын Covid өлімі статистикасына қосуға кеңес берген. Дегенмен Қазақстан үкіметі райынан қайтпады. Әлі күнге дейін параллель есеп жүргізіледі: жанама әсерден қайтыс болғандар саны не мемлекеттік, не халықаралық статистикаға енбейді. Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Worldometers дерекқоры, Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 45-орында тұр.

Билік аталған санаттағы пациенттен ПТР тесті арқылы коронавирус анықталғанына қарамастан, «басқа аурулардың себебінен қайтыс болғанын» алға тартып ортақ есепке енгізбейді. Министр орынбасары Ажар Ғиниятқызы былтыр күзде статистикадағы негізгі кемшіліктер туралы редакция тілшісімен 45 минут сұхбаттасып, әр айдың 10-ы өткен айдағы ілеспе диагноздан қайтыс болғандардың санын тұрақты түрде ресми ресурстарда жариялауға уәде еткен еді. Бірақ вице-министр сөзінде тұрмады. Ведомство бұл индикаторға тиесілі деректі тұрақты түрде емес, тілшілердің сұрауымен ғана жариялайды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста