Министрге "Қара жорға" биі туралы сұрақ қойылды

Қазақстандықтардың бірі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан "Қара жорға" биінің мәртебесін айқындауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің блогына қазақстандық Мырзабек Мырзахметов сауал жолдады. "Бірнеше жыл бұрын республика бойынша "Қара жорға" "ұлттық" биін жаңғырту үрдісі етек алды. Бүгінге дейін жастар арасында да, аға буын арасында да "Қара жорғаның" мәртебесіне қатысты таластар толастамай отыр. Кейбіреулер мұны ежелден қазақтың биі десе, ақсақалдар ондай би түрін білмейтінін айтады. Соған байланысты Сізден "Қара жорға" биінің мәртебесі туралы түсінік беруді сұраймын", - деп жазады ол.

"Егер бұл шынымен біздің би болса, онда оның мәртебесін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актімен бекітіп, барлық жерде насихаттайық. Ал егер бұл би халықтікі емес болса, онда Сізден оны барлық орталық БАҚ-тан айқындауды сұраймын, өйткені бұл мәселе халықтың барлық тобы арасында талас тудырып жүр. Көкшетауда бұл жөнінде көршілер төбелесіп қалған, мен оларға сізді маған жауап береді деп уәде еттім және сол кезде мен аралық қазы сияқты олардың дауын шешетін боламын. Түпкілікті шешім қабылдау үшін уақыт қажет болуы да мүмкін (сараптама жүргізуге, мұрағат деректерін көтеруге)," - деп жазыпты Мырзахметов.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз жауабында ведомствоның мұндай сараптамалармен айналыспайтынын түсіндірген. "Қара жорға" биінің мәртебесін айқындау мәселесіне қатысты хабарлайтынымыз, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мұндай сараптама жүргізумен айналыспайды. Соған байланысты Сізге ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу институттарына хабарласуға тура келеді", - деп жауап берді министр.

Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап берген Қазақ ұлттық өнер университетінің хореография кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты Тойған Ізім бұл бидің бұрын "Буын биі" деп аталғанын түсіндірді.

"Қара жорға" биі - қазақтың "Буын биі" аталатын халықтық биі. Қазақ биі кәсіби сахнаға шыққан кезде, осы фольклорлық билер шет қалып, ұмытыла бастаған. Мен 1987 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданына кеңшардың екі жұмысшысын әкеліп, осы биді таспаға түсірткенін және Мемлекеттік мұрағатқа тапсырғанын көрдім. Әнде "Қара жорға" деген сөз бар, бірақ ол би солай аталады деген сөз емес. Би о баста "Буын биі" деп аталды. "Қара жорға" бізге кәсіби сахна өнері ретінде келді. Оған үлкен сахнада алғаш рет 1934 жылы Мұхтар Әуезовтің "Айман - Шолпан" спектаклінде биледі", - дейді әртіс.

Оның айтуынша, 30-жылдары театрлар мен кәсіби ұжымдардың құрылуы кезінде "Буын биі" ығыса бастады. Бұл биді бойында сақтағандардан ешкім қалмады. "Кітаптарда 60-жылдарда үйлену тойында павлодарлық Жолдинов деген азаматтың "Буын биіне" билегені сияқты мысалдар айтылады. Жастар твистке билеген кезде, ол "Буын биіне" билеген. Ал былтыр 100 жасқа келген халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, биші Әубәкір Ысмайылов "Буын биіне" билеген", - дейді Ізім.

2011 жылы тарихшы, ғылым докторы, қазақ диаспораларының тарихы туралы кітаптардың авторы Гүлнәр Меңдіқұлова қазақтарда ер адамдарға арналған бидің болмағанын айтқан еді. "Ондай би ешқашан болған емес, бізге қазақтар, ештеңені білмейсіздер деп жатады. Ол би Қытайда пайда болған. Мен оны ең бірінші рет Ыстамбұлда көрдім. Оны Түркиядағы этникалық қазақтар орындады", - деген болатын ғылым докторы "Қара жорға" биі туралы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста