Миллион жолаушы "Оңаймен" жолақы төлеген

Қазан айынан бастап қолданысқа еніп, біріміздің күдігімізді арттырып, біріміздің жолақы төлеудегі тиімділігіне көзімізді жеткізе бастаған «Оңай» электронды билеттерін тұтынушылар саны 1 желтоқсанға дейінгі мәліметтер бойынша бір миллионға жетіп, Қазақ-неміс университетінің 3-курс студенті Дамир Әшірбаев миллионыншы «Оңай» электронды билетінің иегері атанды. «Оңайды» қолданған миллионыншы жолаушыны «Алматы көлік холдингі» ЖШС директорының орынбасары Садир Хамраев құттықтап, студентке 100 рет тегін жүру құқын беретін сертификатты табыс етті. Студент үшін бұдан үлкен олжа жоқ.

Ойламаған жерден олжаға кенелген Дамирдің қуанышында шек болмады. Ол «Оңай» электронды билетінің өте қолайлы екендігін атап өтті. Бұрын киноға және басқа да студенттік жеңілдіктер қолданылатын жерлерге барғанда студенттік билетін алып жүру міндетті болса, ал қазір оның орнына « Оңай» электронды билетінің карточкасын қолдана беруге болады. Өйткені, онда студент туралы толық мәліметтер жазылған, – дейді «Оңайдың» миллионыншы иегері Д.Әшірбаев.

«Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін 1132309 жолаушы бірыңғай «Оңай» жол жүру төлем карточкасын қолданған. Осы төлем карталары 797805 рет пайдаланылған. Оның 130582-сі әлеуметтік карточкалар болса, 1575-сі студенттік, ал 46670-і оқушыларға арналған төлем карталары. 30 қарашаға дейінгі мәліметтер бойынша, «Оңай» бірыңғай төлем картасы бойынша жолаушылар 7907320 мың теңгенің төлемақысын жасап үлгеріпті. Бірыңғай төлем карточкасы бойынша жасалған төлемақы – 60734800 теңгені, ал әлеуметтік төлем карталары бойынша 4634640, студенттік төлем карталары бойынша – 5768520 мың теңге, оқушылардың төлем карталары бойынша 1769360 мың жолақысы төленген. Бұл көрсеткіштер «Оңай» бірыңғай жол жүру төлем карталарының тиімділігінің бір дәлелі болса керек.

 Нұржамал БАЙСАҚАЛ\

almaty-akshamy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста