Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірді.
Құнды тауардың ірі партиясын саудалау әрекеті кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотты болған екі адам ұсталды.
«Мемлекетке 1 млрд теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгендерін дәлелдейтін айғақтар жинақталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.