Мерекеде ең үздік қазақстандықтардың мерейі өсті

Мерекеде ең үздік қазақстандықтардың мерейі өсті

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай ел алдындағы ерен еңбегі үшін көптеген азаматтар мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ие болды. Солардың ішінде 30 адам кеше өз марапаттарын ел Президентінің қолынан алды. Ақорданың салтанат залында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты, сондай-ақ «Бейбітшілік пен прогресс» сыйлығын алғаш рет тапсырған Н.Назарбаев: «Сіздер арқылы мен бұл марапатты оған лайық барлық азаматтарға тапсырғандай боламын», - деп өз алғысын білдірді.
«Қазақта «еңбегіне қарай құрметі» деген қанатты сөз бар. Мемлекеттік сыйлықтың берілуі – Тәуелсіздіктің арқасы. Бұл дәс­түр терең сезімге түсіретіні анық. Мемлекеттік сыйлық мемлекеттің өсіп-өркендеуіне өз үлесін жан аямай қосып жүрген азаматтарға бе­ріледі. Оны жеке азаматтың емес, тұтас еліміздің табысы деп са­нау қажет», – деп өз сөзін бас­таған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президентінің «Бей­бітшілік пен прогресс» атты сый­лығын алғашқы иегерге табыс­тады. Ол – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлей­менов. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Олжас Омар­ұлы еліміздің мәдени-рухани да­муына, халықаралық ынты­мақ­тастыққа зор үлес қосып, шет ел­дерде Қазақстандағы ұлтара­лық келісімнің үлгісі жайлы үнемі айтып жүреді. Ал, ең бастысы, Олжас Сүлейменов­тің жетекші­лігімен жүзеге асқан «Невада-Семей» қозғалысы ядролық полигонды жабу ісіне маңызды үлес қосты. Биыл Олжас Сүлей­менов 77 жасқа келеді. Соған қара­мастан, ұлт ақыны өз қыз­метін ары қарай жалғастыруға мүдделі. Мұндай мүдделілікке ке­шегі президенттік сыйлық та әсер еткен болуы керек. «Бұл сыйлық­тың атауында («Бейбіт­шілік пен прогресс» – авт.) үлкен жұмыс, тіпті ауқымды бағдарла­ма жатыр. Сондықтан мен оны ары қарай жал­ғастыратын шы­ғар­мын, Құдай қаласа», – дейді О.Сүлей­менов. Ғылым мен тех­ника сала­сын­дағы сыйлық алды­мен диф­­ферен­циал­дық тең­деулердің бастапқы шекаралық есептер те­ориясы үшін Мате­матика және ма­тема­ти­калық модельдеу ин­с­ти­тутының бас директоры, ака­демик Тыныс­бек Кәлменовке тапсырылды.

Медицина саласы бойынша жоғары технологиялық ем әдістерін енгізген Рес­пуб­ликалық нейрохирургия ғылыми орта­лығының ұжымы үздік деп танылды. Оның ішінде басқарма төрағасы Серік Ақшолақ­ов, сондай-ақ бөлім меңгерушілері – Тал­ғат Керімбаев, Ербол Махамбетов, Айса Нұрпейісов, Марат Рабандияров және Нұржан Рыскелдиевтер бар.
Серік АҚШОЛАҚОВ, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы, профессор:
– Осыдан бес жыл бұрын Рес­пуб­ликалық нейрохирургия ғылыми орта­лығының алдына биік мақсат-мін­деттер қойылған болатын. Бүгінде оны әлем таниды. Себебі онда дүниежүзінің 40-тан астам технологиясы негізінде ота жасалып, осы уақытқа дейін Орта Азия бойынша жасалмаған операция­ларды тәжірибеге енгіздік. Биыл біз ме­дицина саласындағы халықаралық ал­тын стандартқа ие болдық.

«Парасат» ұлттық ғылыми-технология­лық холдингіне қарасты география инсти­тутының ұжымы – директор Ахметқал Медеу, профессор Фарида Ақиянова, зерт­хана жетекшісі Виктор Благовещен­ский, бас менеджер Игорь Малковский, бас ғылыми қызметкер Эмиль Нұрмам­бетов, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық университеті Геог­ра­фия және экология ғылыми-әдістеме­лік орта­лығының басшысы Әлия Бейсенова мен «Қазтеңізгеофизика» компаниясының кеңесшісі Мирғали Қонаев Президенттің қолынан сыйлық алды. Олардың арқа­сында еліміздің ұлттық атласы жасалды. Алдағы уақытта оның 3D форматындағы үлгісін жасау жоспарланып отырғанға да ұқсайды. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Смағұл Елубаев, «Жұлдыз» журналының бас редак­торы Ұлықбек Есдәулет, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Сем­бек Жұмағалив, Ақмола облыстық филармониясы Кенжебек Күмісбеков атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері Дәурен Ғылымов, Мемлекеттік кино құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының директоры Алла Сейітова, ҚР Президентінің телерадиокешені компа­ниясының бас директоры Ерлан Бекқожин, Қазақ­стан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов, Құддыс Қожамияров атындағы республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма тобының жетекшісі Ялкуньжан Шамиев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері – Тайыр Ғатауов пен Сержан Кәуіков, таны­мал киноәртіс Венера Нығматулина, «Мю­зикола» дуэтының солисі Карина Абдул­лина, «Қарақат» мектеп студиясы­ның бас директоры Қарақат Әбілдина, «Ас­тана балет» хореографиялық ұжымы­ның бас балетмейстері Алила Әлішева, сон­дай-ақ «Елбасы жолы» киноэпопеия­сында Н.Назарбаевтың рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов ие болды. Жас әртіс оның бүгінгі марапатына соңғы ойнаған рөлі де өз септігін тигізді деп ойлайды. Ақордада өткен салтанатты марапаттау рәсімін қорытындылаған Президент: «Мен қазір лауреаттардың тек бір тобына ғана награда тапсырдым, ал бүкіл еліміз бойынша жоғары атаққа лайықты басқа да азаматтар менің атымнан марапатта­латын болады. Сіздермен бірге барлығын еңбек етіп алған мемлекеттік наградала­рымен және сыйлықтарымен құттықтай­мын. Бүгінгі күні ел алдындағы қызметі мен қажырлы еңбегі үшін бүкіл республика бойынша бір жарым мыңнан астам қазақ­стандық орден­дермен және медальдармен марапатталды. Қазақстанның Тәуелсіз­діктің 22 жылы ішінде қол жеткізген бар­лық табыстары мен жетістіктері барша қазақстандықтардың қызметіне негіз­деледі, өйткені әркім өзінің жұмыс бөлі­гінде республиканы дамытуға бір түйір болса да үлесін қосты. Біздегі ішкі тұрақ­тылық, төзімділік, түсініктік пен достық елі­мізді дамыту үшін жаhандық және мызғымайтын мәнге ие. Сондықтан біз ең үздік деген қазақстандықтардың еңбегін бағаладық деп ойлаймын. Сіздер Отаны­мыз­дың – Қазақстан Республикасының даң­қын шығара отырып, басқаларға үлгі көрсетесіздер деп сенемін», – деді Н.Назарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста