Бұл туралы Жақсыбек Құлекеев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев соңғы уақытта көпшілік көзіне жиі түсіп жүр.
2008 жылдың 1 сәуірінде тұтқындалып, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі бойынша «қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен сотталған.
– Сізді 2008 жылдың 13 қарашасында соттады. Бұл біреудің тапсырыс болды ма?, – деген сұрақ қойды Нартай Аралбайұлы.
– Маған қарсы қызмет істеген, соның бәрін ұйымдастырған Назарбаевтың ең кіші күйеу баласы болды. Сол кезде ол маған қарсы жұмыс істеген, – деді Құлекеев.