Мемлекеттік рәміздеріміз неге ала-құла?

Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бөлігі ретінде рухани мәдениетті дамытуға және еліміздің Тәуелсіздік идеяларын орнықтыруға ықпал етеді. Жер бетінде қанша мемлекет бар болса, соның әрбірінде өз рәміздері бар. Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 17 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалауы туралы», «Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдар күшіне енген болатын.
Туымыздың түсін неге әртүрлі құбылтамыз?
Теледидар алдында Қазақстан саясаткерлерінің шетелдегі отырыстарын бақылап отыратын болса­ңыз, еліміздің көк түсті Туымыздың шынайы көгіл­дірлігіне күмән келтіруге мәжбүр боласыз. Олай дейтін себебіміз, шетелдегі үлкен-үлкен саммит­терде де Қазақстан Туы бірде тым көк, енді бірде тым ашық түспен беріліп жатады. Осындай өрескел қателікті шетелдіктер қасақана жібереді деуге келмейді. Себебі шетелдіктер тұрмақ, тудың түсін өзіміз де ажырата алмайды екенбіз. Қарапайым ғана мысал, ғаламторды аша қойыңыз да, тере­зеден «Қазақстан Туы» деп жазып, суретін іздесе­ңіз, жүз құбылған түрлі-түсті «Қазақстан Туларын» көресіз. Көбісі жасыл реңк береді. Мәселен, «www.akorda.kz», «www.ukojust.kz», «www.akim-kurcha­tov.kz», «www.janakorgan-akimat.kz», «gosnadzor.memst.kz» тағы бірер мекемелердің сайтында Қазақстан Туының түсі көк аспаннан гөрі жердегі жасыл шөпке көбірек ұқсайды.

Шәкен Ниязбеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, суретші:
 – Алдымен Мемлекеттік Тудың авторы ретінде барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтағым келеді. Қазақ үшін «көк тәңірі», «аспан» деген ұғым өте киелі. Халқымыздың сенімімен астасып жатыр. Бір жағынан, Тәңірін ұмытпаған қазақ дегенді астарлайды. Аспан түстес көк туды қалаған себебіміз де – сол. Қазір туды салып жүрген әрбір суретші оған әртүрлі рең беріп жүргені рас. Дегенмен көк түстің ішінде де түрлісі бар, оның да бір жүйесі болу керек.

Көптеген мекемелердің электронды сайт­тары Қазақстан Туының түсін жасыл түспен беретін болыпты. Ал Қостанай әкім­шілігінің Ішкі саясат бөлімінің сай­тындағы Мемлекеттік Тудың түсі тіпті қоп-қою көк. Несін айтасыз, тізе берсе, даль­тонизм ауруына шалдыққан ресми сайттар әп-әдемі туымызды қор қылды. Оның үстіне, бұл «ауру» жұқпалы келеді екен. Сайтты құраушылар бірі жіберген қате бейнені көшіріп, екіншісіне сол күйінде қоя салады. Егер жуырда ғана интернеттің БАҚ қатарына енгізілгенін ескерсек, бұл – қылмыс. Өйткені Қазақстан Республика­сының заңнамасында «Ту – көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме» деп тайға таңба бас­қандай анық жазылған. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiт­шiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде көк түс және оның түрлi реңкi адал­дық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс – түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халық­та­рындағы көк түстiң мәдени-семиотика­лық тарихына сүйене отырып, Мемлекеттік Тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiле­гiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Ал ғаламтордағы Қа­зақ­станның жасыл тулары көк түріктің қарашаңырағын иеленген қазақтың емес, араб туын еске түсіреді.
Әрине, бұл құбылысты тек ғалам­тор­дың ішінен ғана емес, мекемелердің маң­дайшасынан да байқап жүрміз. Үкілеген туы­мыздың түсінің ресми мекемелер үс­тінде құбылып тұруының екі себебі ғана болуы мүмкін. Біріншіден, мемлекеттік рә­міздерді жасап шығаратын өндіріс орын­дары бел­гіленген стандарттарды сақта­майды. Екін­шіден, күн астында алты ай жаз, алты ай қыс тұра берген соң түсі оңып, тозып біте­ді. Тозығы жеткен тудың жел­біреп емес, далақтап тұрғаны осы күн­ге дейін талай сөз болған. Айта кететін ұсы­ныс, «меке­мелердің маңдайшасында та­ғыл­ған туды бел­гілі мерзім сайын ауыс­тырып отыру керек» деп заңнамаға өзгеріс енгізу қажет шығар. Баяғыда жаугершілік заманда Байғозы ба­тырдың тұла бойына ондаған жебе қа­далғанына қарамастан, ақ туды қисайтпай, жауға қасқайып тұ­рып­ты. Сарбаздар ұрыс біткен соң ба­тыр­дың жанына барып қараса, Байғозы батыр туды тік ұстаған қал­­пында әлдеқашан өліп кеткен екен. Баһадүр бабалардың бүгінгі ұрпағы қа­сиет­ті туды қорлап жүргенін өздері де біл­мейді. Былтыр Тараз қаласы маңайында жас­тардың Қазақстанның Туы­­мен еш қы­сылмастан қоқыс тасып жүр­генін бір жур­налист әріптесіміздің су­ретке түсіріп, жұрт­тың назарын аударға­нын күйінішпен ұмы­­та алар емеспіз.
Елдің намысы мен рухы – Мемлекеттік Ту
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен азаматтардың бойында мемлекеттік ны­шандарға деген құрмет сезімін қалып­тас­тыру жағынан Қазақстанға әлемдегі өрке­ниетті елдердегідей тәжірибе жағы же­тіс­пейді. Мәселен, АҚШ десе кез келген адамның көз алдына қызыл ала жолақ ту елестейді. Әуежайдан түскеннен бастап, айнала әрбір мекемеде, вокзал, сауда ор­талықтары, стадиондардағы тулар бейса­налы түрде адам жадысына сіңіп, азамат­тардың бойына рух құяды. Тұрмыстық тауарларға дейін жапсырылған АҚШ тула­ры елдің символы әрі озық бренд дәре­жесін атқарып тұр. Сол сияқты басынан сөз асырмайтын қызуқанды Түркияда да көшеледің әр бұрышындағы тулардан көз сүрінеді. Өкінішке қарай, мұны Қазақ­стан­ның тек қос қаласынан болмаса, қаладан тысқары елді мекендерден емге таппайсыз. Тек жаңадан қабылданған «Мемлекеттік рә­міздер туралы» заңжобасында жазыл­ғандай, «Мемлекеттік Ту ресми мекеме­лер­ден басқа да ғимараттарда олардың иеле­рінің еркі бойынша көтерілуі мүмкін» деген сөйлемді қанағат тұтуға мәжбүрміз. Олай болса, заң рұқсат беріп тұр. Бұл жер­де рұқсат беріп қана емес, жауапкер­ші­лік­пен міндеттеу дұрыс болар еді. Рұқсат бер­ді екен деп, қасиетті рәміздерді тұр­мыстық заттарға жөнді-жөнсіз жапсырып қорлауға тағы болмайды. Мәселен, тәттіге құмар ха­лық жиі сатып алатын «Рахат» кон­дитерлік фабрикасының «Казахстан­ский» шокола­дының тысында еліміздің туы бей­неленген. Қанша жерден патриот болса да, шоко­ладты жеп болған адам қабығын қоқысқа тастауға мәжбүр. Осылайша, тө­бемізде тұтуға тиіс қасиетті Туымыздың бейнесі көрінгеннің аяғының астында тап­талып жатады. Рәміз­дерге құрмет көр­сет­пеу заң­ға қайшы екен­дігін ескерсек, қыл­мыс­керлердің санын есептей алмай қалар едік. Сондықтан рә­міздерді қорлатпаудың оңай жолы кәсіп­керлеріміздің ойына келген «тың идеяны» басқамен ауыстыру қажет. Біздіңше, әрбір қазақстандық ұлт­жанды­лығын көрсетіп, көк Туды үйінің тө­ріне қастерлеп іліп қойса, нұр үстіне нұр бо­лар еді. Бұл күнде ел санасында «Ту, Ел­таңба және Елбасы портреті бастықтардың жұ­мыс кабинетінде ғана ілініп тұратын көр­кемдеуіш құрал» деген жалаң стерео­тип қалыптасып қалған. Өкінішке қа­рай, үйдің төріне ту іліп қоятын азаматтар ел арасында ілуде біреу. Күн көсем Ле­ниннің портретіне та­бын­ған кез­деріміз болған жоқ па еді?
Рәміздер қатарындағы Елтаң­ба­ның мүшкіл халі де сүйекке таңба салғандай. Мемлекеттік органдар­дан шыққан әртүрлі ресми құжат­тар­да бейнеленген елтаңбалар түп­нұс­қа­дағы елтаңбадан алшақ кетіп жатады. Тәжірибелі баспагер Әбден Сыздықов мұндай құжаттардың жүз­ден астамын жинаған. Құжат­тар­ға басылған елтаң­балардың са­па­сыздығы да көзге жиі ұшырайды. Бұған себеп – мемлекеттік стан­дарттардың әлі де болса нақты­ланбауынан болып отыр. Онда Ел­таң­бамызды көлемді не графикалық үлгіде шығаруға бо­ла­тыны ғана көрсетілген. Ал графиканың түсіне шектеу қойылмайды. Таңбаның өзін­де негізінен көгілдер немесе ал­тын рең болуы қажет. Рәміз кес­кініндегі элементтердің саны – 36. Алайда кейбір бөлшектердің, мә­селен, уық­тар­дың қанша болу ке­ректігі нақты көрсетілмеген. Сон­дық­тан баспа­гер­лерге Президент рези­денциясында сақтаулы тұрған Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың нұсқасын басшы­лық­қа алуды аманат еткеннен басқа ша­ра жоқ. Алдағы уақытта баспахана­лар мұны қаперіне алса дейміз.

Амангелді Айталы, қоғам қайраткері:
– Біз секілді жас мемлекеттерде мем­лекеттік рәміздерге көп көңіл бөлі­нуi керек. Әсіресе, мектеп бағдарламасы мен жоғары оқу орындарына мемле­кеттік рәміздер жөнінде арнайы сабақ енгізсе де болар еді. Бұл рәміз­дердің артында қандай тарих жатыр, қандай наным-сенім, қандай мән барын қам­туға болды. Күнде таңертең Әнұран­ды бір қайталағаннан жастар соны бар болмысымен түйсініп отыр деп айта алмаймын. Жастарды былай қойғанда, жалпы елімізде де рәміздерді құрмет тұту мәдениеті жоғары емес. Швеция көшелерінде келе жатсаң, кейбір үйлер­дің терезесінде ту ілініп тұрады. Демек, бұл үйде мейрам болып жатыр. Олар өзі­нің қуанышын халқымен солай бөлі­седі. Құрметтесе, осылай құрметтесін.

Нұрлан Өнербай, Мәжіліс депутаты:
«Сүйінбай бабамыздың: «Бөрілі басым ұраным, Бөрілі менің байрағым!
Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып та кетер қайдағым», – деген өлең жолдары еріксіз еске оралып, қайдағыны емес, намысты қозғап отыр.
Өйткені «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңның 5-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Туымен бірдей болмауға тиіс» делінген. Алайда осы заң талабы орындалмай отыр».

Ой-тұжырым
«Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді қазақ. Кез келген халықтың мәдениеті мен мемлекетшілдігін ұлттық рәмізін сыйлау деңгейіне қарап бағалап жатады. Былтырлары Парламент қабырғасында мағынасы күмістей жеңіл «нышан» деген сөзді әрең дегенде «рәміз» деп өзгерткен едік. Бұдан былай мемлекеттік рәміздерімізді қадірлей білсек, дос-дұшпан алдында мәртебеміз асқақтары анық-дүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста