Мектеп оқушылары әскерге барды

Мектеп оқушылары Қазақстан әскерінің бір күнімен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығындағы "Жас ұлан" Семей мамандандырылған ер балалар лицейінің базасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың кубогы үшін әскери-спорт жарысы өтті. Оған Семей өңірінің 44 мектебі қатысты.

Оқушылар "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасы дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Расул Мейірмановтың жетекшілігімен нормативтер орындап, Калашников автоматын бөлшектеп, құрастырды, автомат магазиніне оқ толтырып, пневматикалық мылтықтан атты. Жаттығулар үшін АК-74 автоматтарын 35411 әскери бөлімі ұсынды.

"Менің бала кезімдегі арманым орындалды. Мен әрқашан нағыз әскерде болуды армандағанмын. Ал бұл жерде біз қарудан аттық, нормативтер тапсырдық. Болашақта мен өз өмірімді әскери қызметші болып, Отанымызды қорғау ісімен байланыстыруға тырысамын", - деді 8-сынып оқушысы Жансая Омарова.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері де қатысты. Әскери-спорт жарысының құрметті қонақтары қатарында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Азамат Мұқатов, соғыс ардагері Петр Коломин, "Ауғанстан және Семей қаласы жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатовтар болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста