Медициналық журналистикаға маманданғандар саны аз

Елімізде салалық журналистика, оның ішінде медициналық журналистикаға маманданғандар саны тым аз. Бұл туралы өткен аптада Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығында «Бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулез тақырыбының жазылуы» деген атпен журналистерге арналған тренинг барысында айтылды, - деп хабарлайды Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының баспасөз орталығы.

«Науқас адамдардың көңіліне келетін сөздерді қолданудан абай болуға шақырады. Себебі, бәріміз жақсы білеміз, ауру мазасын алған жанның көңіл-күйі тез өзгеріп отырады. Міне, сондықтан, дәл туберкулез тақырыбын сауатты жаза білу аса маңызды. Алдағы уақытта да туберкулезге қарсы күрес жалғаса бермек. Себебі, бұл аурудың деңгейін неғұрлым төмендетуге бәріміз мүдделіміз» деді Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбділдаев жыл санап туберкулезге шалдығатындар саны азайып келетінін айтты.

Тек қана журналистер емес студенттер, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары түрлі тақырыпта дәріс тыңдап, пікір алмасты. Журналистер туберкулез тақырыбына материал жасаған кезде бірнеше қиындықпен кездеседі екен. Олар:

1. Статистикалық ақпараттың аздығы;
2. Негізгі кейіпкерді табу қиындығы;
3. Тақырыпқа қатысты терминдерді дұрыс түсінбеу.

Тренинг кезінде туберкулез туралы газет-журнал беттерінде жарық көрген, телеарнадан көрсетілген материалдарда статистикалық деректердің қате берілетіні, көп жағдайда журналистің сенсация қуып, осы аурудың зардабын арқалап жүргендердің көңіліне келетін сөздерді қолданатыны анықталды.

Baq.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста