Мас күйде көлік жүргізген ер адам ұсталды
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік тексеріс барысында, көшесін патрульдеу кезінде жүрісі күдік тудырған жергілікті тұрғынының басқаруындағы «Audi-80» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде ер адамнан өзімен бірге заңға қайшы есірткі затын сақтап, тасымалдап алып жүргені анықталды. Одан бөлек жүргізушінің өзін ұстауы да полицейлерге күдік ұялатты. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның 15 гр. астам «кептірілген марихуана» екені анықтады.
Ал, сараптамадан өту үшін жеткізілген жүргізуші есірткілік масаң күйде басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оның жүргізуші куәлігін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.
Одан бөлек, заңсыз есірткі затын сақтап, тасымалдағаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз «жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.