Таяуда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қалалық мәдениет үйінде «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты қалалық Абай оқулары өтті. Аталмыш игі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен өзге ұлт өкілдері арасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының шеңберінде орайластырылды.
Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Абай оқуларын өткізудегі басты мақсат: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді нығайту.
Үш кезеңнен тұратын байқау барысында қатысушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Барынша біліктіліктерін танытты. Тартысты сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы бас жүлдеге Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының инженері Донцова Галинаны лайық деп таныды. 1-орынды Тимохина Елена иеленсе, 2-орынды Сургутанов Владимир, ал жүлделі 3-орынды «Журавушка» балабақшасының орыс тілі пәні мұғалімі Исайынова Фаузия жеңіп алды. Байқауға қатысушылар бағалы сыйлықтармен, қала әкімінің дипломымен марапатталды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...
Последние статьи автора