Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...

Мақсұтым –  тіл ұстартып,  өнер шашпақ...

Таяуда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қалалық мәдениет үйінде «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты қалалық Абай оқулары өтті. Аталмыш игі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мен өзге ұлт өкілдері арасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының шеңберінде орайластырылды.
Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Абай оқуларын өткізудегі басты мақсат: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді нығайту.
Үш кезеңнен тұратын байқау барысында қатысушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Барынша біліктіліктерін танытты. Тартысты сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы  бас жүлдеге  Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының инженері Донцова Галинаны лайық деп таныды.  1-орынды  Тимохина Елена иеленсе, 2-орынды  Сургутанов Владимир, ал жүлделі 3-орынды  «Журавушка» балабақшасының орыс тілі пәні мұғалімі Исайынова Фаузия жеңіп алды. Байқауға қатысушылар бағалы сыйлықтармен, қала әкімінің дипломымен марапатталды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста