Маңғыстау облысында өткен сенбіде болған жарылыстан зардап шеккен 2 адамның бірі бүгін ауруханада қайтыс болды. 34 жастағы жігіттің бетін, мойны мен қолдарын күйік шалған. Дәрігерлер қолдан келер көмекті жасағанымен, ажалдан құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Ал 42 жастағы екінші науқастың жағдайы ауыр. Оған бас миының жарақаты және оң қолының термиялық күйік диагнозы қойылды. Есіңізге сала кетсек, 7 қаңтарда Мұнайлы ауданының Дәулет ауылында жанар-жағармай цистернасы өртеніп, ізінше жарылған болатын. Оқиға орнында 2 ер адам жараланды.
«1989 жылы туған науқас бүгін түнде орталық ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккен екінші ер адамның жағдайы әлі де болса ауыр. Оған тиісті емдік шаралар көрсетіліп жатыр», - деді облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз хатшысы Гүлмира Сутубаева.