Маңғыстау облысында мектеп бітіргеніне 50 жыл болған түлектер бас қосты

Маңғыстау облысында мектеп бітіргеніне 50 жыл болған түлектер бас қосты

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы сыныптастардың 50 жылдық кездесуінің видеосы әлеуметтік желілерді кеңінен таралды. Олар 1971 жылы Түркменстанның Учаджы ауылындағы  №27 мектебінен түлеп ұшқан түлектер екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеп хабарлайды. 

Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын бір партада отырған сыныптастар, бүгінге дейін бір-бірімен байланысын үзбеген. Олардың көпшілігі 90-жылдары атажұртқа оралған екен. Әрқайсысы әр салада қызмет еткен жандар. Бірақ тұрмыс қамы мен жұмыс жайы олардың арасын алшақтатпапты. 50 жылдық кездесуге елдегі 15-і жиналып, бас қосыпты. Мерейлі мерекені есте қаларлықтай ерекше қылып өткізгісі келген екен. Сондықтан сыныптағы топ басшысы баз-баяғы әдетіне салып, өзі ұйымдастыру жұмысын қолға алған. Бірдей көйлек киіп, "жас түлектің" лентасын тағып, мерекелік атмосфераны сезінгіміз келді дейді Ағзия Елғазиева. 

"Қазақтың амал наурызында көрісіп келді үйге. Сол кезде осындай шай басында отырып, әй сыныптастар биыл біздің мектеп бітіргенімізге 50 жыл болып жатыр екен. Соны бірігіп отырып қызықтамаймыз ба деп едім, бәрі қолдады. Содан жұмысқа кірісіп кеттік. Телефон қолдан түспейді, бірдей көйлек киейік деп жоспарладық. Қыздарым бар, немелерім бар мынадай лентаны тағыңыз деп кеңес берді", - деді Ағзия Елғазиева.

Сыныптастар кездесуге білім нәрімен сусындатқан мұғалімдерін де шақыруды ұмытпапты. Қолға қалам ұстатып, әріп танытқан алғашқы ұстазымен қауышып, сонау бейқам күндерді сағынышпен еске алдық дейді олар. Мұғалім де дәл бұрынғыдай, оқушыларын аты-жөнімен атап, бір түгендеп шықты.

"Өзім 10-сыныпты бітіргеннен кейін, осы мектепке мұғалім болып келдім. Сондағы бірінші әрі жұмыс бастағаным, әрі бірінші алған оқушыларым осы сынып болатын. Сонымен бұлармен өз балдарымдай болып бауыр басып кеттім. Қыздар-ұлдар түркімен аралас болды. Бәрі жақсы оқыды.Тәртіпті болды", - дейді ұстаз Ғалия Машекова. 

Бас қосуға келген ұстаздардың бірі – география пәнінің мұғалімі Түркменбай Құрбанбаев. Білім саласында 50 жыл табан аудармай еңбек еткен ол, шәкірттерінің көрсеткен сый-құрметіне дән риза. 

"65-66-67 жылдары сабақ беріп кеттім. Сол түлектер мені есіне алып, "Түркменбай ағай, сабақ беріп еді" деп маған шақыру қағазын жіберіп, мен осылардың құрметті қонағы болдым. Сонымен осы бәрінің қуанышына бөленіп жатырмыз", - дейді ардагер ұстаз Түркменбай Құрбанбаев.

Кездесудегі видеолардың интернет арқылы тарап, елге жария болғаны оларды қатты таңғалдырыпты. Егер, ісіміз көпке үлгі болса қуаныштымыз дейді олар. Бүгінде жасы 70-ке таяған сыныптастар болашақта мектеп бітіргендеріне 60-70 жыл болғанда да осындай мереке ұйымдастыруға ниетті екендерін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста