МӘМС: клиниканы қалай таңдауға болады

Сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы негізгі анализдерді тапсырып қана қоймай, қымбат операцияларды да жасата алады. Медқызметтерді мемлекеттік қана емес, Медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін жеке меншік клиникалар да көрсетеді.
МСҚ Алматы филиалы таратқан хабарламаға сүйенсек, заң бойынша пациенттер медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Егер емхана таңдау барысында тұрғылықты аудан аумағындағы БМСК нысандарының бірін таңдауға болатын болса, жоғары технологиялы ота түрлерін республикалық деңгейдегі емдеу мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары мен ірі жеке меншік клиникалар базасында жасатуға болады.

Емхана (бастапқы-медициналық санитарлық көмек ұйымын) таңдау
Пациент бағдарына сәйкес, МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін міндетті түрде емханаға тіркелу қажет. Алматы қаласында МСҚ-мен 76 емхана келісімшарт бекіткен. Оның 35-і – жеке меншік.
Мысалы, Әлия жұмыс бабымен Алматыға көшепі келді. Ол емханаға ЭЦҚ көмегімен www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркеле алады. Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөліміндегі «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдайды. Тіркелетін емханалар тізімімен fms.kz сайты арқылы танысуға болады.

Консультативтік-диагностикалық көмек ұйымын таңдау құқығы
Қолданыстағы ережеге сәйкес, консультативтік-диагностикалық қызметті күту мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Егер емхана маман жоқтығы немесе кезекте тұрғандардың көптігіне байланысты белгілі бір қызметті көрсете алмайтын болса, пациентке қосымша келісімшарт негізінде өзге емдеу жолдама беруге міндетті. Сонымен қатар, МӘМС пакетіне кіретін қызмет түрлерінен өту үшін диагностикалық орталықтарға жолдама алуға болады.
Мысалы, Әлия денсаулығына байланысты миға МРТ жасау қажет делік. Ол қаладағы МРТ жасайтын орталықтардың бірін таңдай алады:
• «Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ
• «№7 Қалалық клиникалық аурухана» МҚК
• «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы» МҚК
• «Алматы онкологиялық орталығы» МҚК
• «№2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» КМК
• «Centre Nova Diagnostic» ЖШС
• «MGM-STAN» ЖШС
• «Orhun Medical» ЖШС
• «Инвиво ВДП» ЖШС
• «Сұңқар» медициналық компаниясы» ЖШС
• «Аймақтық диагностикалық орталық» ЖШС
• «ЭКСПЕРТ диагностик» ЖШС
• «ХАК» медициналық орталығы» ЖШС
• «Burc Medical» ЖШС
• «№5 Қалалық клиникалық аурухана» МҚК
• «Medical Solution» ЖШС
• «Aspan Diagnostic» ЖШС
• «EMIRMED» медициналық орталығы» ЖШС
• «№32 қалалық емхана» ҚМК
Толық тізіммен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/

Жоғары технологиялық қызмет көрсететін клиниканы таңдау құқығы
Филиал мәліметінше, сақтандырылған азаматтар, соның ішінде өзге аймақтардың тұрғындары да қалалық стационарларда, республикалық институттарда ем-дом қабылдай алады. Ол үшін емхана арқылы «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркелу қажет. Көрсетілетін қызметтер арасында буын алмастыру, есту қабілеті нашарлаған жағдайда кохлеарлы имплант орнату, инсульттен кейінгі оңалту, ЭКО сынды т.б. қызметтер бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста