Мамандар азайып, бастықтар көбейіп барады

Қазір республика бойынша мемлекеттік қызметкерлер санын 15 пайызға қысқарту жүріп жатыр. Елбасы жарлығында қай мемлекеттік органнан қанша адамның қысқартылатыны нақты көрсетілген. Алайда кей жерлерде «қысқартуды» жеке бас пайдасына тартсақ, енді бір тұста баяғыдан қалған «асыра сілтеушілікке» ұрын­ған секілдіміз бе, қалай? Кеше Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселені көтерген депу­тат Сағынбак Тұрсынов «қысқар­тудағы» тазалықтың қам­тылуын талап етіп, Үкімет басшы­сының атына сауал жолдады.
Депутат қысқартуға қатысты Елбасы жар­лығының әділ әрі таза орындалуына баса назар аудару қажеттігін баса айтты. Қолда бар деректерін алға тартқан С. Тоқабайұлы кейбір мемлекеттік органдарда адамдар саны тым көп қысқаратынын айтып, мысалдарын да келтіріп бақты. «Тіпті кейбір облыстарда 70 пайызға дейін қысқартулар жүргізілуде. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында бір басқарма 70 пайызға қысқарған. Бұрын онда тоғыз адам істесе, жаңа лимит бойынша үш адам қалған», — деді депутат. Сонымен бірге С. Тұрсынов «қысқартуды» желеу еткен жергілікті басшылар ұнамаған адамынан құтылудың, яғни қысқартуды жеке бас пайдасына асырудың құралына айналдырғанын айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, қысқартуға ұшырауы мүмкін қызметкерлер арасында мекемеде 25-30 жыл еңбек еткен, зейнет жасына 1-2 жыл қалған адамдар да кездеседі екен. Тіпті жалғыз басты аналар, жалғыз асыраушы болып отырған азаматтар да «жұмыссыз» қалуы мүмкін. «Тағы бір айта кететін мәселе, қысқартудың «таяғы» тек бас мамандар, жетекші мамандарға тиіп жатыр. Атын айтпай-ақ қояйын, бір министрліктің кеңсесінде бұрын бес адам жұмыс істеген. Қазір екеуі ғана қалған. Ал құжат айналымы үлкен болғандықтан екі маман үлгермейді. Оның есесіне сол жерде бір басқарма бастығы, оның орынбасары, бір бөлім бастығы, оның орынбасары отыр. Сөйтіп, біз нағыз жұмыс жасап отырған мамандарды қыс­қар­тып, бастықтарды көбейтіп отырмыз», — деді С. Тұрсынов.
Балаларды медиазорлықтан қорғайтын заң керек!
Соңғы уақытта жасөспірімдер ара­сын­дағы қылмыстың, өз-өзіне қол жұмсау фак­тілерінің белең алғаны Мәжіліс де­пу­тат­тарын да қатты алаңдата бастаса керек. Дәс­түрлі сауалдар жолдау барысында депутат Алдан Смайыл осы мәселені көтеріп, жағдайдың тым ушығып кеткеніне ал­ға тартты. «Мектеп жасындағы балалар ара­сында болған оқиғалар жайында ой­ланған ләзім. Топқа бөлінісіп қақтығысу, боп­салап ақша жинау, қару жұмсау бір қа­ланың шеңберінде ғана емес, өңір­лердің көпшілігін жайлап кеткен секілді. Мұ­ның сыры неде? Балаларға арналған ақ­параттың бақылаусыз кеткендігінде. Атал­ған мәселенің өзектілігі соншалықты бұл әлемдік деңгейде талайдан бері тал­қыланып келеді», – дейді депутат Алдан Сма­йыл. Мәселен, халықаралық жиын­дарда келтірілген деректерге қарасақ, ка­бельдік арналар арқылы балалар күніне 17 өлім көріністерін, 37 рет атыс-шабыс, ұрып-соғу секілді қатыгездік түрлерін кө­реді екен. Бұндай кері әсердің алдын алу үшін АҚШ Конгресі 1954 жылы теле­зор­лық­тың әсерін талқыласа, 1972 жылы 50 аме­рика ғалымы медиазорлықтың кә­мелетке толмағандарға теріс ықпалын ар­на­йы зерттеп, бес томдық еңбек жазыпты. 2003 жылы АҚШ-та балаларды бей­не­ойын­дағы жыныстық қатынас пен зор­лық­тан қорғау туралы заң қабылданған. Ал 2005 жылы іргеміздегі Ресей теле­ар­на­ла­рының бір топ жетекшісі зорлық пен қа­ты­гез­дікке қарсы хартияға қол қойып, өз­дері басқаратын арналарда бұған жол бер­меуге келіскен. «Осы қадамға біздің те­л­е­басшылар барса, құптарлық іс еді. Көптеген өркениетті елдерде балаларды медиазорлықтан қорғайтын заңдар бар. Грузияда 2001 жылы, Украинада 2003 жылы осындай заңдар қабылданды. Бұл қадамға біз де баруға тиіспіз. Сырттан ке­ле­тін телехабарды сүзгіден өткізу тала­бы­на жауапкершілікпен қарайтын кез жетті. Қай­сыбір мектептерде орын алған ба­ла­лар өлімі туралы ойланғанда, ең алдымен, ақ­параттық қатыгездікті тоқтату мәселесі тол­ғандыруға тиіс. Сол үшін бізге ба­ла­ларды медиазорлықтан қорғайтын заң ке­рек», – деп отыр А. Смайыл.

Вице-премьер Мәжіліске келсін
 Құқық қорғау саласындағы реформаға сәй­кес көші-қон мәселесі Ішкі істер ми­нистрлігінің құзырына берілгені белгілі. Алай­да бұның өзі қоғамда қызу талқыға тү­сіп, өзекті тақырыпқа айналғаны шын­дық. Қазірдің өзінде оралмандар ісімен, кө­­ші-қонмен айналысатын қоғамдық ұйым­­дардың осы төңіректегі сауалдары да жеткілікті екендігі тағы рас. Жұртқа тү­сінікті ақпарат алу үшін депутат Уәлихан Қа­лижанның Вице-премьер Өмірзақ Шө­кеевті Мәжіліске шақыруы да осы себептен туын­даған секілді. «Көші-қон саясатымен қай министрлік айналысады? «Нұрлы кө­ш» бағдарламасын жүзеге асыратын қай мекеме? Квота бөлу мен бейімдеу ор­та­­лықтарының жұмысы болашақта қалай үй­лестірілмек? «Қазақстан бірте-бірте ше­телде жүрген қандас бауырларынан бас тар­тады» деген алыпқашпа әңгіменің ақи­қаты қандай? Осы және басқа да көші-қон мә­селелері бойынша сауалдарға Мә­жі­ліс­тің келесі отырысына келіп, ауызша жауап бер­сеңіз», – деді негізгі сұрақтарын бір тіз­бек­теп шыққан У. Қалижан.
Қазақша «СМС» қашан болады?
 «Мәжіліс залында Қуанышбек Есекеев (бұ­рынғы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы – «Алаш айнасы») «ұя­лы телефондардың негізгі бөлігінде қа­зақша шрифтпен смс (қысқа хабар) жол­дау мүмкіндіктерін қарастырамын» деп уәде еткелі екі жыл өтті. Ұялы телефон қа­зір жұрттың басым бөлігінде бар. Со­ны­мен қоса күн сайын қазақстандықтар смс-сер­висті бірнеше рет пайдаланады. Неге біз мәтінді тергенде ана тілімізді бүлдіріп, ағыл­шын немесе орыс тіліне жүгінеміз. Бә­секеге қабілетті мемлекет кез келген мә­селені өзінің ана тілінде жүргізеді. Сон­дық­тан да ұялы байланыс операторларын смс-ті қазақша жолдауға болатын бағ­дар­ламамен қамтамасыз етуге міндеттеу ке­рек», – деді жас депутат Тәңірберген Бер­доң­ғ­аров.
Жасотандық тісқаққан депутаттың бұл са­уалын біршама түсінбей қалғандаймыз. Өйт­кені өзі де қазақша «тіл сындырып жүр­мін» деп өткен шақырылымда айтқан се­кілді еді. Бірақ сауал жолдауда әлі де орыс­шадан танбайды. Бүгін де сол. Ұялы опе­ратордан дәметпес бұрын депутаттың өзі де «бәсекеге қабілетті болуды» ойласа керек-ті. Бәлкім, Тәңірберген Маратұлы жақында ғана планшетке ие болған үкі­мет­ті сынға алғысы келді ме екен? «Жа­уа­бын жазбаша, әйтпесе смс-пен жол­да­са­ңыз да болады», деуі де соны аң­­ғар­татындай.
Мәжілісмендер «медиацияның» қазақшасын іздеуге кірісіп кетті
Сауалдардан кейінгі талқыға түскен күн тәртібіндегі 16 мәселенің басым көп­ші­лігі заң жобаларын жұмысқа қабылдап, олар­ға қорытынды әзірлеуге қатысты бо­лып шықты. Соның бірі Үкіметтен келіп түс­кен «Медиация туралы» заң жобасы бо­латын. «Бұл құжат жобасы бүкіл әкім­дерге қарап, ұсыныс беру үшін жол­да­ныпты. Олардың екеуі ғана тікелей жауап бер­се, қалғанын орынбасарлары, аппарат бас­шылары атқарыпты. Оның үстіне еш­қай­сысы ұсыныс айтпапты. Соған қа­ра­ғанда, қоғамда бұл заң жұмыс істемейтін тү­рі бар. Біз тура осындай заңдардың көп­шілігін қабылдадық, алайда нәтижеден жұр­даймыз. Сондықтан жобаны қайтарып жі­беру керек!» Осылай шорт кескен Ирак Еле­кеев: «Айтпақшы, «медиация» деген не өзі? Мұның қазақшасы жоқ па?» – деп аяқ астынан «сирақ» шығарып кетті. Бір­ша­ма абыр-сабырдан түсінгеніміз, ме­диа­ция елімізде тұңғыш рет енгізілмекші екен. Егер заң жобасы жүзеге асса, мұндай ин­сти­тут Орталық Азияда тұңғыш рет ен­гі­зі­ле­тін көрінеді. «Мұны бітістіру, табыстыру үде­рісі деп атаса да болады. Яғни, жә­бір­ленуші мен күдікті істі сотқа жеткізбей-ақ өз­дері тындыра алады. Біздің бағытымыз да бұған сай. Ұсақ қылмыс жасағандарды бітістіруге жол беру», – деді депутат Рахмет Мұқашев. Ал депутат Алдан Смайыл «медиацияның» қазақ тіліндегі баламасын «пәтуаласу немесе ымыраласу» деп алуға болатынын алға тартады. Дегенмен заң жобасы Мәжіліске енді ғана жұмысқа алы­нып отыр. Сондықтан Мәжілістің ре­дак­циялау және аударма бөлімі «ме­диа­ция­ның» қазақша баламасын табуға бі­лек-сыбана кіріспек ниет танытты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста