Маман Қашағаннан шикізат өндіру тиімсіз болатынын айтуда

Маман Қашағаннан шикізат өндіру тиімсіз болатынын айтуда

Мұнай саласының тәуелсіз маманы Сергей Смирнов мұнай бағасы қазіргідей одан әрі төмендей беретін болса Қашаған секілді мұнайгаз кен орнынан шикізат өндіру тиімсіз болып қалатынын айтып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Белгілі болғанындай Brent маркалы мұнай бағасы осыдан төрт жыл бұрынғы деңгейдегідей төмендеп кетті.

Қазіргі таңда мұнайдың солтүстіктеңіз түрі бір баррелінің құны шамамен 82,09 бағаланып отыр. Еске саламыз, мұнай құнының қазіргіден де төмендеуі соңғы рет осыдан төрт жыл бұрын 2010 жылы қазанның 27-і күні тіркелген болатын. Ол уақытта мұнайдың бұл түрінің құны бір барреліне 81,85 долларды құраған болатын. Смирновтың айтуынша, егерде 2015 жылы мұнай бағасы бір баррелге 80 долларға дейін төмендейтін болса, онда Қашаған кен орнын игеру тиімсіз болмақ. "Теңіз табанынан мұнай өндіру, құрғақ жерде мұнай өндіруге қарағанда әлдеқайда қымбатқа түсетіні белгілі. Оның үстіне қашаған мұнайы құрамында қосымша заттар көп болатындықтан, оны қайтара тазартуға тура келеді. Сол себепті бұл жобаны жүзеге асыру ұзаққа созылуы мүмкін", - деді ол.

Бұған дейін, Қазақстан энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда мұнай өндірудің өзіндік құны орташа есеппен 50 долларды құрайтынын айтқан болатын. "Құрғақ жерде мұнай өндіру 50 долларды құраса, ал Қашағанда мұнай өндіру әлдеқайда жоғары болады. Ал Brent маркалы мұнай бағасы 80-85 доллар аралығында сақталатын болса, онда Қашағанда мұнай өндіру тиімсіз болары сөзсіз", - деді Смирнов. Сергейдің пікірімен ресейлік "Альпари" компаниясының сарапшысы Анна Кокорева да келісіп отыр. "Қашаған кенорнында күрмеуі қиын мәселе көп. Оның үстіне оған кететін шығын үнемі өсіп отырады. Сол себепті ол жерден шикізат өндіру тиімсіз болары анық. Оған теңіз табанынан өнім өндіру аса қымбат болатынын қосыңыз", - деді ол.

Одан бөлек Смирнов, егер де Brent маркалы мұнай бағасы 2015 жылы барреліне 80-85 доллар аралығында сақталатын болса, онда "ҚазМұнайГаз" ӨБ-ның кірісі де айтарлықтай кемитінін айтты. "Алдын ала болжам бойынша, ҚМГ ӨБ кірісінің үштен бір бөлігі кемиді", - деді спикер. Оның сөзінше, бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы мұнайдың өзіндік құны қазіргіден екі есе төмен болатын. "Ол уақытта бір баррелдің құны 20-25 долларға бағаланатын. Ал қазір Қазақстандағы мұнайдың өзіндік құны бір баррелге 50 доллар екенін ескерсек жағдай басқаша болмақ", - деді ол. Ал Кокорева болса мұнай бағасы одан әрі төмендей берсе және әлсіреген теңге бағамының шығыны өтелмейтін болса онда барша мұнай қорының 75 пайызын экспортқа шығарумен айналысатын ҚМГ ӨБ-ның экспорттық кірісі айтырлықтай төмендейтінін айтып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста