Малдың семіздігі - жердің құнарлылығынан

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді. Биыл ауданда «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 400 бас ұсақ мал, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 150 бас мүйізді ірі қара мал алынды және 170 бірлік бордақылау алаңы іске қосылған, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Жалпы ауданда өткен сегіз айда 26,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, былтырдың осы мерзімімен салыстырғанда өсім 3,5 пайызды құрады. Мал шаруашылығында 17,8 млрд.теңге, егін шаруашылығында 8,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Жыл басынан 12,0 мың тонна ет, 81,7 мың тонна сүт өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсімі тиісінше 103,9 пайызды және 101,6 пайызды құраған. Биылғы жылы дәнді-дақылдар 18067 гектарға, майлы дақылдар 7979 гектарға, қант қызылшасы 39 гектарға, мал азықтық дақылдары 15111 гектарға, көкөніс 4130 гектарға, картоп 3792 гектарға, бақша 47,4 гектарға егілді және 230 гектар жерге жеміс жидек, жүзім егілген.
Ағымдағы жылы 42 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Жалпы бүгінгі таңда аудан бойынша 513,5 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген, 8 айда тамшылатып суғару әдісімен 5 гектар бау, 15 гектар көкөніс егілді.
Аудан бойынша 19,5 га жерде 79 бірлік жылыжайлар жұмыс істеуде. 1,35 гектар жылыжай іске қосылып, жылдық жоспар орындалған.Жыл соңына дейін жылыжай көлемін 1,40 га жеткізу болжануда. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста