Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күнге үйде оқшаулаунады.
Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар Анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі.
Сондай-ақ, Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.
Бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Мальдив аралдары арасындағы әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдағаны хабарланды. Бұл туралы Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай шешім Мальдив аралдарындағы коронавирусқа қатысты қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды.
Жаңа қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.