Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күнге оқшауланады

Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күнге оқшауланады

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күнге үйде оқшаулаунады.

 
Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар Анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі.

Сондай-ақ, Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. 

Бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Мальдив аралдары арасындағы әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдағаны хабарланды. Бұл туралы Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай шешім Мальдив аралдарындағы коронавирусқа қатысты қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста