ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Қазыханның оппозиция өкілі Мұхтар Әблязовтің видеоэфирін тыңдап отырған сәті кадрға ілікті. Әлеуметтік желіні шулатқан видео Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиынында түсірілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
Ержан Қазыхан - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, сонымен қатар, Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.
Ал М. Әблязов көп жылдардан бері Францияда тұрақтап, оппозициялық ұстанымдарын әлеуметтік медиа арқылы жариялап келеді.
Қапыда кадрға іліккен саясаткер әзірге өзінің оппозиция өкілдерін ұдайы тыңдайтыны немесе олардың ұстанымдарына деген қызығушылығының бар-жоғы туралы ештеңе айтпады.