Курьерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктердің жаңа стандартын жариялады

Кеңейтілген әлеуметтік пакет төмендегіні қамтиды:

●        әділетті төлемақы және бейілділік бағдарламасы;

●        науқастанған жағдайда емделуге жұмсалатын қосымша шығынды өтеу;

●        бала тууға жәрдемақы;

●        Impact Hub-пен бірге кәсіпкерлік курсын тегін оқыту және G-learning оқыту бағдарламасына қолжетімділік

●        EASST (FIA серіктесі) жол қозғалысының қауіпсіздігі және көлік жүргізу кезіндегі тәртіпті жақсарту бойынша тренингтер

Жетекші халықаралық мультикатегориялы компаниялардың бірі Glovo  Қазақстанда «Курьерлердің алдындағы міндеттемелер» (Pledge) ғаламдық бастамасын жүзеге асыруда, оның мақсаты – курьерлерге әлеуметтік құқықтар мен жеңілдіктерге теңдей қолжетімділік беру.

Курьерлерге арналған кеңейтілген әлеуметтік кепілдіктер бұған дейін де болған өмірді сақтандырумен қатар, науқастанған жағдайдағы сақтандыру өтелімін қамтыды (медициналық мекеме берген анықтамасы бар болса, компания науқастың ауырған 30 күнін өтеп береді) және жаңа туылған сәбидің бір реттік жәрдемақысын өтейді. Сонымен қатар Glovo компаниясы тұрақты әрі қауіпсіз көлікті қолдайтын EASST Шығыс альянсымен бірге мото-курьерлерге арналған міндетті қауіпсіздік курстарын өткізеді. Өз бизнесімен айналысқысы келетіндер үшін компания кәсіпкерлік машықтарды үйрететін курс өткізбек. Ал Impact Hub-пен бірге бизнес ортаның танымал сарапшыларының қатысуымен интенсив ұйымдастырылды.

«Қазақстанға келгелі бері біз нарықтың көшбасшылары ретінде даму үшін және икемді жолдармен табыс табуға арналған мүмкіндіктер үшін жаңа жағдайлар жасадық. Сонымен бірге біз онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер беру аса қажет екенін түсінеміз. Біз алға жылжып келеміз және біздің платформа арқылы жеткізетін әрбір курьердің белгілі бір әлеуметтік кепілдіктері болатынына міндеттенеміз. Ендігіде курьерлер өздерінің сақтандыру полистері бойынша науқастанған уақыты үшін материалдық өтем, бала туғанда немесе бала асырап алғанда жәрдемақы ала алады», - дейді Орта  Glovo бас менеджері Богуспаев Карим.

«Курьерлер алдындағы міндеттемелер» бастамасы Fairwork жобасымен серіктестік аясында туындаған және (WageIndicator қорының табыстың әділ мөлшері және ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы деректеріне сүйене отырып) сағаттық табыс табу стандарттарының жаңа жиынтығын, жаңартылған сақтандыру өтелімін, оқу мүмкіндіктерін, жолдағы қауіпсіздікті, курьерлердің көліктеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтиды. 

Fairwork жобасы тарабынан кепілдіктерді аудиттен өткізу жұмысы

Glovo компаниясының бастаманы іске асыру бойынша міндеттемелерін Fairwork халықаралық зерттеу жобасы сырттай аудиттейді және нәтижелерін жариялайды. Fairwork тәуелсіз тарап ретінде Glovo компаниясының қызметіне кіріспейді және компанияның бастама аясындағы жұмысы бойынша прогресті бес жұмыс ұстанымы бойынша бағалап, есеп береді.

Fairwork жобасының сыртқы аудиті «Курьерлер алдындағы міндеттемелер» жобасы іске асырылатын елдерде сервис курьерлерімен сұхбатты және сауалнаманы қамтитын болады. Аудиттің тәуелсіз, әділ және шынайы нәтижелеріне кепілдік беру үшін Glovo компаниясы курьерлік сауалнама процесінен толығымен шығарылатын болады. Бірінші аудит 2021 жылы бастаманы жүзеге асыра бастаудан бұрын Марокко мен Грузияда өткізілген болатын. Fairwork Glovo компаниясынан өтемақы алмайды және мәлімделген қағидаларға қайшы келетін кез келген жайтты жариялайды.

 Glovo туралы

Glovo – бұл тауарларды жеткізуге арналған жаңашыл мультикатегориялы қолданба және әлемнің жетекші сандық платформаларының бірі. Ол 2015 жылы Барселонада  құрылып, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдерінде жұмыс істейді. Қолданба тұтынушыларды мейрамханалармен, азық-түлік желілерімен және курьерлермен байланыстырады, сонымен бірге «кез келген зат» санатын да қамтиды, мұнда пайдаланушылар өзінің қаласындағы қалаған затына тапсырыс бере алады.

 

Glovo компаниясы туралы толық ақпарат сілтеме бойынша: https://about.glovoapp.com/en    

 

Glovo сервисі Қазақстандағы жұмысын 2019 жылы бастады және қазірдің өзінде 13 қалада жұмыс істейді: Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Қызылорда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Таразда, Павлодарда, Өскеменде, Атырауда, Қостанайда, Ақтауда, Оралда.

Қазіргі уақытта Glovo компаниясында платформаға қосылған бес мыңнан астам курьер бар, олардың 40%-ы Қазақстанның түрлі өңірлерінде тұрады. Glovo платформасы олар үшін негізгі немесе қосымша жеке табысты қалыптастыру көзі болып табылады.

Glovo пайдалану аясын https://glovoapp.com/ru/map сілтемесі бойынша егжей-тегжей қарауға болады.

 

* өтемақы платформамен кемінде 8 апта бойы ынтымақтастық жасаған және осы уақыт ішінде 30 тапсырысты орындаған курьер ала алады.

** өтемақы платформаны 6 ай ішінде кемінде 30 сағат пайдалаған курьерлерге беріледі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста