Күн суытады: Елімізде алдағы күндері ауа райы қалай болады?
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты салқын ауа массалары жылудың төмендеуіне әкеледі. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде салқын, ал күндізгі температура ыңғайлы болады.
“Солайша, 28 шілдеде батыс пен шығысқа, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігіне, солтүстік-батысына және оңтүстік жартысына, 29 шілдеде орталыққа, күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжануда”, – делінген хабарламада.
Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі түнде 8-16°C , ал күндіз 17-30°C, жетеді. Орталықта және шығыста түнде 8-18°C, дейін, күндіз 22-30°C дейін жылы болады.