Күдебаев ісіне қатысты халықаралық тергеу тоқтап тұр

Қазіргі Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың 29 жастағы ұлы бір жыл бұрын қаза тапты. Марқұм Нұрсұлтан Күдебаев квадроциклден құлап жарақат алған соң, оған Алматы қаласындағы 4 ауруханада операция жасалған еді. Операциядан кейін комаға түскен Нұрсұлтан Күдебаевтың өмірін сақтап қалу үшін Германияға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.  

Қоғамда резонанс туғызған Күдебаев ісіне қатысты тергеу Экономикалық қылмыстар жөніндегі комитетке берілген болатын. Бүгін брифинг өткізген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен қатысты тергеу тоқтап тұрғанын хабарлады.

«Менің білуімше, Халықаралық тергеудің тапсырмасына байланысты тергеу мерзімі тоқтап тұр», - деп қысқаша жауап берді ол.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың жазында Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрлан Күдебаев қайтыс болды. Квадроциклден құлаған марқұм ол апаттан аман қалып, ауруханаға өз аяғымен келсе де, Алматыдағы 4 қалалық ауруханада жасалған операциядан кейін оянбай, ақыры Германияда көз жұмды.

Оның комаға түсіп, есін жимастан өмірден озғанына күдікті ретінде аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев тұтқындалды. Уақытша қамау изоляторының қызметкерлері сот үкімі шықпай жатып дәрігерлердің шашын алып тастаған. Қанат Тезекбаевтың әйелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашых хат жазған соң, екі дәрігер тергеу аяқталғанша, қолхатпен үйлеріне шықты.

Ал, Ішкі істер министрінің арнайы бұйрығымен «уақытша қамау изоляторына түскен азаматтардың шашын алу» жөніндегі санитариялық норма жойылды.

2020 жылдың қаңтарында марқұм Нұрсұлтан Күдебаевтың әкесі Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарында Алматы полиция департаменті басшысы лауазымынан Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметіне ауысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста