КСРО Халық әртісі, қазақтың алғашқы кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиев дүниеден өтті

КСРО Халық әртісі, қазақтың алғашқы кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиев дүниеден өтті

Атақты дирижер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиев өмірден өтті.

Шамғон Сағаддинұлы 1927 жылы 15 маусымда Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылында дүниеге келді. 1950 жылы Алматы консерваториясының халық аспаптар факультетін (А.Жұбанов пен Л.Шаргородский класы бойынша, сонымен қатар скрипкадан профессор И.Лесманнан, домбырадан Қазақстанның халық әртісі Қ.Жантілеуовтен дәріс алды), ал 1964 жылы Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін профессор Э.Грикуровтың класы бойынша тәмамдады.

Бастапқыда халық аспаптар оркестрінің домбырашысы болса, кейін дирижерлік қызметке ауысты. Ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің, үш жылдай Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болды. Әсіресе, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрімен бірге көптеген шетелдерде болып, қазақ өнерін дүние жүзіне танытты.

Оркестр репертуарын халық күйшілерінің, қазақ композиторларының шығармаларымен ғана емес, әлемдік классика туындыларымен толықтырып, ұлттық музыканы дамытуға зор үлесін қосты. 1953 жылы Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, 1980-1982 жылдардағы концерттік бағдарламасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, сонымен қатар Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. 1970-1980 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызметпен шұғылданып, дирижерлер А.Мырзабеков, М.Әубәкіров, домбырашы Қ.Ахмедияров, композитор Д.Ботпаев, музыка зерттеушісі Ө.Байділдаев сынды елге танымал өнер қайраткерлеріне ұстаздық етті.

«Шамғон ағамыздың қазақ өнеріне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Құрманғазы оркестрінен кеткеннен кейін 1992 жылы Қарағандыда Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрінің негізін қалады. Атақты дирижер мұнда да қажырлы еңбек етіп, оркестр репертуарына осы аймақ қана емес, қазақ, орыс және шетел классиктерінің шығармаларын енгізіп кетті. 2000 жылы бұл оркестрге де академиялық атағы берілді. Сонымен қатар Атырау облысының сол кездегі әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің шақыруымен Атырауға келіп, жемісті еңбек етті. Ол туған жері Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарына, Орал қаласына ат басын бұрып, кейінгі толқынға бағыт-бағдар беріп тұратын еді. Өмірінің соңғы жылдары Алматы қаласында тұрған ол ауыр науқастан айыға алмады. Мұндай бірегей тұлғаның бейнесі халық жадынан өшпек емес», - деді батысқазақстандық әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста