Көркемсөз оқу шеберлері анықталды

Биыл 12-рет шымылдығын ашып отырған О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Байқауға аудандық іріктеу турында топ жарған 16-30 жас аралығындағы 20 үміткер қатысып, бақ сынады.

Шара сүлей суреткер Оралхан Бөкейге арналған прологпен басталды. Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы жан-жақты суреттелген бейнекөріністе сонымен қатар әр жыл сайын жүлдегер атанып жүрген жеңімпаздар мақтанышпен аталып өтті. Мінбеге көтерілген облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Тәңірберген Қасымберкебаев облыс әкімі Серік Үмбетовтің өнер мен мәдениетке деген ерекше қамқорлығын атап өтті.
Сонымен, аудандардан іріктеліп келген өнерпаздар байқаудың шарты бойынша алдымен прозалық жанр бойынша сайысқа түсті. Алғашқы сында қатысушылар О.Бөкей шығармасынан монолог оқыса, поэзия жанры бойынша М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, М.Шахановтың өлеңдеріне қызығушылық танытқан. Ал драмалық номинацияда шығарма таңдауға шек қойылмағандықтан, үміткерлер І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов туындыларын арқау етіп, актерлық шеберліктерін барынша көрсетуге тырысты.
Облыстық «Жетісу» телекомпаниясының бас редакторы Жұмахмет Жайлаубаев төрағалық еткен қазылар алқасы байқауға қатысушылардың дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, таңдап алған шығармасына сай киінуіне баса мән берді. Нәтижесінде ақсулық Бағлан Жүнісов жүлдегер атанып, Астана қаласында өтетін республикалық жолдаманы жеңіп алды. Сонымен қатар әр жанр бойынша да үміткерлер марапатталды. Поэзиядан Аңсар Еркінбек, прозадан Меруерт Дүйсенғалиева, драмадан Айдын Бақберген үздік деп танылып, ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау мақсатындағы өткен шараның ендігі жалауы Астана қаласында желбіремек.

Керек дерек
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. «Еңбек туы», «Коммунизм туы» («Дидар»), «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде, «Жұлдыз» журналында қызмет еткен. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.
«Қамшыгер» (1970), «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975), «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері, «Құлыным менің» (1986) деп аталатын драмалық шығармалары, «Ұйқым келмейді» (1987) туындылары жарық көрген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста