Көктемнің алғашқы күні Қазақстан бойынша дабыл қосылады

Көктемнің алғашқы күні Қазақстан бойынша дабыл қосылады

2023 жылдың 1 наурызында сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін азаматтық құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған. Оған сәйкес, ел бойынша дабыл қосылмақ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету - тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

Осылайша, құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналар және сиреналық-сөйлеу құрылғылар (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосылып, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирінен, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпарат жарияланады. Сонымен бірге, ведомство өкілдері "Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жарияламас бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы екенін мәлім етті. Демек, дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек және интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек, дейді ведомство өкілдері. 

Сонымен қатар, ТЖМ қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетінін хабарлады. "Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста